Page 77 - 6-СЫНЫП. КАЗАК АДЕБИЕТИ. АТАМУРА
P. 77

оқтана жүрді. Бірақ сүзген жоқ, жүріп келе жатқан бойда Аянның
        қаудырлаған сары тонының етегінен иіскеді де, тұмсығын созып,
        ыңырана мөңіреді. Аян ақсаңдаған күйде бізге бұрыла қарап:
            – Жануар, бәрін біледі... – деді.
            Аянның сиырын Бапай шалдың үйіне дейін айдасып барғаннан
        кейін, біз сырғанаққа оралып, ойынға қайта кірістік. Сәлден соң,
        Аян да сырғанақ басына келді. Өзінің шанасы жоқ, сондықтан елдің
        шана тепкенін қызықтап қарап тұрды. Бірде менің көк тақтайлы
        шанамды нұсқап:
            –  Менің  де  шанам  дәл  осындай  еді,  көшкенде  ана  жақта
        қалды, – деп қойды. Мен оның жаудырап қарап тұрғанына шы-
        дай алмай:
            – Мә, Аян, сен бір жол теуіп кел, – деп шанамды бердім. Қуан-
        ғанынан ол езуін жия алмай, ыржия күліп кеп, шанаға отырды да:
            –  Ал,  кім  менімен  жарысады?!  –  деп  айқайлап,  еңіске  қарай
        зулата жөнелді. Менен кейін оған шанасын Садық берді, онан кейін
        Есікбай  берді,  қысқасы  Аян  бәріміздің  шанамызды  бір-бір  реттен
        теуіп шықты. Ол қып- қызыл боп, қара терге түсе ентігіп, алабұртып,
        елден ерекше даурыға сөйлеп, сақылдап күлумен болды.


































                                                 67
   72   73   74   75   76   77   78   79   80   81   82