Page 98 - 6-СЫНЫП. КАЗАК АДЕБИЕТИ. АТАМУРА
P. 98

Қ. Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» повесі 1954–1959 жылдары
        қайта  басылып,  1970  жылы  орыс  тілінде  жарияланды.  «Алатау-
        дың бауыры» (1935), «Амантай» (1936), «Тапқыш» (1937), «Тәтті
        қауын» кітаптары бар.
            Қ.  Әбдіқадыров  аударма  саласында  да  жемісті  еңбек  етті.
        Ол  Шығыс  әдебиетінің  классиктері  Ôирдоуси,  Íауаи  өлеңдерін
        (1948), қырғыз А. Тоқомбаев, орыс жазушысы Â.М. Кожевников
        шығармаларын аударған. Оның аудармасымен «Мың бір түннің»
        4 кітабы үш рет басылды. Қ. Әбдіқадыровтың осы еңбегі – әлемдік
        әдебиеттің  алтын  қазынасына  жататын  туындының  ең  үздік
        аударма нұсқасының бірі.
            Жазушы жауынгерлік «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапаттал-
          ған. Шиелі ауданындағы қазақ орта мектебі Қалмақан Әбдіқады-
        ровтың есімімен аталады.




                  1-тапсырма.  Жазушының  өмірі  мен  шығармашылығы  туралы  қо-
                сымша дереккөздерді пайдаланып, шағын хабарлама дайындаңдар.



           !      суреттелетін  өмір  құбылысының  нақтылы  көрініс-қалпы,
                      Көркем  бейне  –  әдеби  шығармада  жинақталған  түрде

                  кейіп кердің ой елегінен өткі зіліп, қорытындылап жасалған
                  бей несі.
                      Жазушы  көптеген  адамдарға  тән  қасиет-сипаттарды
                  жинас тырып,  екшеп,  іріктеп  алып,  бір  адамның  бойына
                  сыйғызып бейнелейді.

                                                                     зәки Аõметов






                  2-тапсырма. «Қажымұқан» повесінің кейіпкері – белгілі қазақ палуа-
                ны Қажымұқан Мұңайтпасовтың өмірі мен ерлік істері туралы зерттеу
                жүргізіңдер.




                                                 85
   93   94   95   96   97   98   99   100   101   102   103