Page 93 - 6-СЫНЫП. КАЗАК АДЕБИЕТИ. АТАМУРА
P. 93

өзiнiң арман-қиялы туралы түн ортасы ауғанша айтқан күбiр-күбiр
        әңгiмесiнiң емiс-емiс елесi ғана. Менi жып-жылы қойнына алып,
        ағалық ақылын айтатыны мен зеректiгi едi.
            – Бұл дүниеде мен  пiр тұтар, сырласар жалғыз-ақ нәрсем бар,
        ол – кiтап, – дейтiн.
            –  Әкем  де,  шешем  де  –  сол  кiтап.  Кейбiрiн  екi-үш  қайтара
        жалықпай  оқып  шықтым.  Жалғыздығың,  жетiмдiгiң  –  бәрi-бәрi
        ұмытылып, басқа бiр жұмақты өмiрге сапар шеккендей боламын.
        Әттең, жағдай келсе, оқуымды одан әрi жалғастырып, Алматыға ат-
        танар едiм. Шынымды айтайыншы, кiтап жазып, жазушы болғым
        келедi.
            ...Тортай көзi жайнап, астындағы жақпар тасты тебiнiп-тебiнiп
        қалғанда,  ар  жағындағы  шатқалға  құлап  кетедi  екен  деп  зәре-
        құтым қалмайды.
            – Ақ боз ат демекшi, түнде түсiмде көк өгiзiм арғымақ болып,
        жер тарпып, кiсiнеп тұр. О несi екен? – деп, бұзауларымен бiрге
        қаперсiз оттап жүрген өгiзiне күн сап қарады.
            – Тортай, сен түбi сол ақ боз атқа мiнесiң, – дедiм мен шын
        көңiлiммен.
            –  Қайдам,  –  дедi  ол  тастан-тасқа  секiрiп,  төменге  түсiп  бара
        жатып. – Қайдан бiлейiн... Әкем марқұмның тақымы қотыр тайға
        тимей кетiп едi, қайдан бiлейiн.
            Күз  жақындап,  фермадағы  барлық  бала    жайлаудан  ауылға
        оқуға аттанғанда, тау басында бұзау бағып, жападан-жалғыз Тор-
        тай  ғана  қалған.  Әрине,  мен  оны  қимадым,  қиналдым.  Өзiммен
        бiрге ала кететiн шаманың жоқтығына жыным келдi. Кетерiмде ол
        маған  ең сүйiктi кiтабын сыйлап тұрып айтты: «Мен үшiн де оқы.
        Бәлкiм, мен мiне алмаған ақ боз атқа сен мiнерсiң».
            – Сенiң өз ақ боз атың бар емес пе?
            – Жоқ, менiң маңдайыма көк өгiз жазылған.
            – Онда мен өз ақ боз атымды саған сыйға тартамын.



          ?     Әңгімені басқаша қалай атауға болады?
                  3-тапсырма. Íе себепті әңгіме «Тортай мінер ақ боз ат» деп аталған?




        6–3436
                                                 81
   88   89   90   91   92   93   94   95   96   97   98