Page 88 - 6-СЫНЫП. КАЗАК АДЕБИЕТИ. АТАМУРА
P. 88
13-тапсырма. Шығармада Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы
ауыл тұрмысы қалай суреттелген? Мәтіндегі баланың әлеуметтік
жағдайын білдіретін сөздерді пайдаланып, сыни хабарлама жасаңдар.
14-тапсырма. Сол кездегі ауыл балаларының және қазіргі
балалардың өмірін салыстырып, кестені дәптерге толтырыңдар.
Ұқсас тықтары мен айырмашылықтарын дебат түрінде талдаңдар.
Соғыс жылдарын- Қазіргі балалардың
дағы балалардың ойыны, ермегі
ойыны, ермегі
Соғыс жылдарын- Қазіргі балалардың
дағы балалардың еңбек етуі
еңбек етуі
оРАЛÕАн бӨКеÉ
(1943–1993)
Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте
Шығыс Қазақстан облысы Қатон-Қарағай ауда-
нына қарасты Шыңғыстай ауылында туған.
1963 жылы қазіргі әл-Ôараби атындағы Қазақ
ұлттық университетіне сырттай оқуға түседі де,
оны 1969 жылы тамамдайды. 1970 жылы Алма-
ты қаласындағы «Жазушы» баспасынан шыққан
«Қамшыгер» атты алғашқы жинағы қаламгер
ретінде танытты. Осы баспадан оның «Үркер»
(1971), «Қайдасың, қасқа құлыным?» (1973), «Мұзтау» (1975)
әңгімелері мен повестері шығарылды. Оралхан Бөкейдің «Ән сала-
ды шағылдар» (1978), «Үркер ауып барады» (1981), «Біздің жақта
қыс ұзақ» (1984) әңгімелері мен повестері «Жалын» баспасы-
нан жарық көрді. 1986 жылы оның «Құлыным менің» драмалық
шығармасы «Өнер», ал 1987 жылы «Ұйқым келмейді» деп атала-
тын әңгімелері «Жазушы» баспасынан шықты.
77