Page 91 - 6-СЫНЫП. КАЗАК АДЕБИЕТИ. АТАМУРА
P. 91
ойнайсың. Қанша құласаң, ауырсынбайтын, қанша аунасаң, жа-
пырылмайтын күлтеленген күреңсе балапан табанымызға кiлемдей
жұмсақ тиюшi едi-ау.
...Бiздiң iшiмiзде менен екi-үш жас үлкендiгi бар Тортай атты
бала болушы едi. Әке-шешеден тым ерте айырылып, алыстан
қосылар аталастарының есiгiнде жүретiн. Қой аузынан шөп ал-
мас жуас, құлағының сәл мүкiсi бар, бала болып көп ойнамайтын
1
жасқаншақ едi. Бәрiмiзден гөрi ерекшелiгi, таңертеңнен кешке
дейiн бас алмай кiтап оқи беретiн.
Тортай әсiресе менi жақсы көрдi. Жанынан бiр елi қалдырмай-
тын. Әкем – ферма меңгерушiсi, үйде iшiп-жем мол, ит басына
iркiт төгiлiп жатушы едi. Шешемнiң қолынан – бiр, жолынан – екi
алып, әр күн сайын Тортайға таситынмын. Ол менi алдап, тамақ
үшiн дос болмайтын, қайта «мен аш жүргенiм жоқ, әкеле берме»
деп ұрсатын-ды. Өз бейiлiмен, көңiл хошы болмаса, ләм деп ау-
зын ашпайтын әрi құлағы қақас еститiн болған соң, әңгiмеге зауқы
бола бермейтiн. Тек менiмен ғана оңаша сәттерде ағыл-тегiл әңгiме
құрушы едi.
1 Мүкiсi бар – құлағы естімейтін.
79