Page 90 - 6-СЫНЫП. КАЗАК АДЕБИЕТИ. АТАМУРА
P. 90

«Құлыным  менің»  (1974),  «Текетірес»  (1976),  «Қар  қызы»
             (1982),  «Çымырайды  поездар»  (1984),  «Жау  тылындағы  бала»
             (1985), «Мен сізден қорқамын» (1987) пьесалары қазақ және орыс
             тілдерінде республикалық, облыстық, сондай-ақ бұрынғы одақтас
             республикалар театрларында қойылған.
                 Оралхан  Бөкей  –  есімі  дүниежүзіне  танымал  жазушы.  Оның
             шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне (орыс, ағылшын, фран-
             цуз,  неміс,  жапон,  араб,  қытай)  аударылған.  Оралхан  Бөкейдің
             туын дыларынан «Кісікиік» (1985, режиссері  М. Смағұлов), «Сайтан
             көпір» (1986, режиссері Д. Манабаев) көр кем фильмдері қойылды.





                           Көркем  шығармада  адамның  өмірі,  олардың  өзара
                !      қарым-қатынасы,  наным-сенімі,  ой-сезімі,  мінез-құлқы

                       жинақтала суреттеледі.
                           Осындай жинақталған адам образын типтік образ деп
                       айтамыз.




                       1-тапсырма.  Оралхан  Бөкейдің  өмірі  мен  шығармашылығы  туралы
                      шағын хабарлама дайындаңдар. Õабарламада жазушының өзің білетін
                      басқа да шығармалары туралы айтып беріңдер.





                       2-тапсырма. Әңгіменің толық мәтінін хрестоматиядан оқыңдар.



                                    тоРтАÉ мінеР Ақ боз Ат
                                           (Әңгiмеден үзінді)

                 Бiздiң  ауыл  Салықсалғанның  иығында  отырған.  Шiлденiң
             дәл  ортасы  болса  да,  бұл  жерде  қоңырсалқын,  бұлтсыз  күндерi
             тамылжыған  тамаша  мезгiл  басталушы  едi.  Íе  ыстық  емес,  не
             суық  емес  жайлаудың  жайма-шуақ  сәтiнде  төбеңнен  көкпеңбек
             болып  төңкерiлiп  тұрар  аспанға  қарағайдың  бүршiгiн  лақтырып


                                                 78
   85   86   87   88   89   90   91   92   93   94   95