Page 35 - Маленькие герои большой войны А5 14.03.2020
P. 35
Үлкен соғыстың кішкентай батырлары
Соғыс балалары. Олар соғыс басталғанда әр
түрлі жаста еді - біреуі өте кішкентай, біреуі жасөспірім
болды. Олар бір жылдан кейін, айдан кейін, бір күннен
кейін, бір сағаттан кейін өмірі қалай өзгеретінін білмеді.
Балалар концлагерь және гетто тұтқындары. Бұл
сөздер қаншалықты қорқынышты еді!
Осы уақытқа дейін өркениетті әлем тұрғындары
соңғы соғысты қорқынышпен еске алады. Біздің мыңдаған
кішкентай отандастарымыз концентрациялық лагерлерге
тұтқындалып, бірі - ата-анасымен бірге, бірі жападан
жалғыз құлдыққа ұшырады. Бақытты балалық шақтан
айырылған, кінәсіз балалар, тағдырдың ауыр қияметін
тартты. Еңбек пен аурулар, аштық пен суық балалардың
серіктеріне айналды. Оларға медициналық эксперименттер
жүргізіп, қан алды. Олардың ең қасиетті - туғандарынан,
Отанынан, болашағынан айырды. Мұны ұмыту және
кешіру мүмкін емес.
1945 жылдың 11 сәуірі тарихта Халықаралық конц-
лагерь тұтқындарын босату күні ретінде қалды.
1933 жылдан бастап нацистік Германияда «Өлім
лагерлері», «Өлім фабрикасы» концентрациялық лагерлері
пайда бола бастады. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде
лагерьлер Шығыс Еуропа аумағында, негізінен Польшада,
сондай-ақ Балтық елдері, Белоруссияда, басқа да
оккупацияланған аумақтарда құрылды. Лагерлер Еуропа-
лық еврейлерді жаппай қырып-жою үшін құрылды, ал одан
әрі Гитлер «төмен бағалы» деп санаған басқа да
халықтарды жоюға арналды. Германияда және ол жаулап
алған елдер аумағында барлығы 14 мыңнан астам концла-
герь жұмыс істеді. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
өлім лагерлері арқылы 18 миллион адам өтті.
37