Page 40 - Маленькие герои большой войны А5 14.03.2020
P. 40

Үлкен соғыстың кішкентай батырлары


                                             Балабанская
                                        Зения Вицентовна

                                       Балабанская  Зения  Вицентовна
                                  1926  жылы  5  мамырда  Украинада,
                                  Житомир облысы, Народичск ауданы,
                                  Омельники ауылында дүниеге келген.
                                  Зения  Вицентовна  ерте  жетім  қалды,
                                  оның отбасы 30-шы жылдары «мүлкі-
                                  нен  тәркіленіп»,  әкесі  репрессияға
            ұшырады.  Аштық  уақыты  еді,  балаларды  тамақтандыру
            үшін,  оның  анасын  картоп  қаптарын  көрші  ауылға
            айырбастауға  барғанда  өлтіріп  кеткен.  Әкесі  Ұлы  Отан
            соғысының  басында  қуғын-сүргінге  ұшырап,  айып
            батальонына  түсіп,  майданға  аттанған.  1941  жылы  ол
            хабар-ошарсыз жоғалып кетті.
                  Зения  Вицентовнаны  тәтесі  алып  кетті,  ал  кіші
            ағалары  балалар  үйіне  түсті.  Кішкентай  кезінен  бастап
            Зения  Вицентовна  табыс  тапты,  бала  күтушісі  болып
            жұмыс  істеді.  Алдымен  Киев  қаласында  тәтесінің
            отбасында      кіші    ағайындыларды        бақты,     немере
            ағайындылар өсіп кеткен кезде, ол Овруч қаласында басқа
            отбасына  келді.  Бұл  отбасында  Зения  Вицентовна  соғыс
            басталғанға  дейін  үш  жыл  өмір  сүрді.  1941  жылдың
            маусымында  немістер  Овручты  басып  алған  кезде,  Зения
            Вицентовна Киевке кетіп, тәтесіне жетіп үлгерген.
                  1941  жылдың  қыркүйек  айының  ортасында  Киев
            фашистік  әскерлермен  қоршалды,  азаматтық  халық
            қаладан  кетті.  Зиния  Вицентовна  тәтесінің  отбасымен
            ауылға келді. Ауылға фашистер келгенде, олар «жаңа тәр-




                                          42
   35   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45