Page 41 - Маленькие герои большой войны А5 14.03.2020
P. 41

Үлкен соғыстың кішкентай батырлары

            тіп»  орнатты.  Староста  Германияға  жіберу  үшін
            жас  адамдардың  тізімін  жасай  бастады.  1942  жылдың
            мамыр  айының соңында жастарды лас тауар вагондарына
            тиеді  де,  Германияға  алып  кетті.  Зения  Вицентовнаның
            естеліктерінен:  «Поезда  адам  қайтыс  болған  кезде  оны
            вагон-дардан жолға  лақтырып тастайтын. Вагондарда бізді
            тамақтандырмады,  су  берген  жоқ.  Станцияларда  балмұз-
            дақтың  қағаз  стақандарына  ыстық  су  алуға  рұқсат  етілді.
            Вагонға жеткенше, қағаз босап, су ағып кетеді. Фашистер
            бізге күлетін, ал біз шөлдеп өлетінбіз».
                  Оларды  Германияда  концлагерьге  алып  келді  және
            бірден сұрыптай бастады: кімді кремациялық пешке, кімді
            жұмысқа.    Фабриканың  қожайыны  өзіне  күші  барларды
            таңдап, айдауыл астында барактарда өмір сүруге қалдыра-
            тын.  Алдымен  барлығы  егістіктерде  жұмыс  істеді:
            отаулады,  картоп  пен  қызылша  жинады,  егістіктерді
            тастардан тазартты.
                  Күзге  дейін,  аязда,  ашық-шашық  және  аш  жұмыс
            істеді.  Зения  Вицентовна  сүзекпен  ауырып  қалып,  күзет-
            шілер  оны  хал  үстінде  деп  ойлап,  оны  қараңғы  бөлмеге
            алып  келді  де,  өлуге  қалдырды.  Біраз  уақыттан  кейін  ол
            өзіне келді. Бірақ оған жатып демалуға мүмкіндік бермеді,
            бірден жұмысқа жіберді.
                  Көктемде  қожайыны  Зения  Вицентовнаны  Метель-
            вальд қаласындағы целлюлоза фабрикасына жұмыс істеуге
            жіберді. Зауыт Берлинге жақын жерде болатын. Зения онда
            оларды  1945  жылдың  наурыз  айында  Кеңес  әскерлері
            босатқанша,  соғыс  аяқталғанға  дейін  жұмыс  істеді.  Зения
            Вицентовна  босатылғаннан  кейін,  1945  жылдың  наурыз
            айынан бастап тамыз айына дейін №18192 әскери бөлімінің
            қосалқы шаруашылығында сауыншы болып жұмыс істеді.




                                          43
   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45   46