Page 36 - Маленькие герои большой войны А5 14.03.2020
P. 36

Үлкен соғыстың кішкентай батырлары

                  Барлық     уақытта,     барлық     соғыстарда
            өлтірілгендер  де,  тұтқындалғандар  да  болды,  бірақ  бірде-
            бір соғыста балалар мұнша азап шеккен емес. Фашизм жас
            ерекшеліктерін мойындамады. Гитлершіл адамдарды жою
            машинасы  бірдей  тәртіппен  барлығын  аяусыз  құртты:
            қаусаған  қарттарды,  құлпырған  әйелдерді,  нәрестелерді.
            Тек  бір  ғана  Саласпилс  концлагерінде  1942  жылдың
            мамырынан 1943 жылдың мамырына дейін 5 жасқа дейінгі
            3 мыңға жуық бала қайтыс болды.
                  Жылдар  бойы  адам  балалық  шағына  қайта  оралады
            деп  айтады:  көп  нәрсе  ұмытылды,  келмеске  кетті,  бірақ
            одан  кейін  психиканың  қандай  да  бір  түсініксіз  заңдары
            бойынша, бала кездегі нақты оқиғалар жадында анық және
            шынайы көрініс тапқандай көрінеді. Кейде бұл естеліктер
            қиын  балалық  шақты  қайта  бастан  кешіп  жатқандай,
            артынан  қалмастай  көрініп,  өте  өткір  келеді.  Концлагерь-
            ден  өткен  балаларда  ұмытылмас  қорқынышты  естеліктер
            мен құтыла алмайтын түнгі қорқынышты түстерден басқа
            не қалды...




















                                          38
   31   32   33   34   35   36   37   38   39   40   41