Page 42 - Маленькие герои большой войны А5 14.03.2020
P. 42
Үлкен соғыстың кішкентай батырлары
Сүтті флягтармен қайта өңдеуге апарып, май
жасап, майданға жіберетін. 1945 жылдың қыркүйек
айында құжаттарын алып Зения Вицентовна әскери
бөліммен бірге Украинаға оралды. Туған-туысқандарынан
оның тәтесі мен жиен сіңлісі қалды, ағаларын сол бойы
таппады.
Зения Вицентовна әскери адамға күйеуге шығып, екі
қыз туады. 50-ші жылдары күйеуі әскерден оралып,
Қазақстанға тың игеру үшін кеткен. 1963 жылы Зения
Винцентовна балаларымен Целиноград қаласына келіп,
содан кейін олар бүкіл отбасымен Семей қаласына көшіп
кеткен. Зения Вицентовна Семей қаласында қоғамдық
тамақтану жүйесінде бірнеше жыл жұмыс істейді.
Қыздарының бірі медучилищені бітіргеннен кейін
тұрмысқа шығып, Новодолинский кентіне көшіп, немересі
дүниеге келеді. Зения қызының қолына өмір сүруге келген.
Зения Вицентовна зейнет жасына дейін «Жартас»
шипажайында асханада жұмыс істеді. Зейнеткерлікке
шыққаннан кейін, 1981 жылы, ол тағы 8 жыл №2 және №9
шахтасының асханасында жұмыс істеді.
Қазіргі уақытта Зения Вицентовна лайықты
демалыста, Шахтинск қаласында тұрады.
44