Page 3 - Оқу құралы ТЕРМОЯДРОЛЫҚ ЭНЕРГЕТИКА. ТОКАМАК
P. 3

КІРІСПЕ


                                Адамзаттың энергия тұтынуы жыл сайын өсіп келеді, бұл энергетика

                   саласын  белсенді  дамуға  итермелейді.  Сонымен,  табиғатта  уран-235  көп
                   емес.  Сонымен  қатар,  бастапқы  уранның  қоры  таусылуда.  Заманауи
                   есептеулер  бойынша,  олар  шамамен  150  жылға  созылады,  содан  кейін
                   адамзат жаңа энергия көздерін іздеуге мәжбүр болады.

                                 Сол  уақытта    мұнай  мен  газ  таусылуы  әбден  мүмкін,  ал  күн
                   энергиясы климаттық жағдайларға тым тәуелді. Ал, атом энергетикасының
                   проблемасы  радиоактивті  қалдықтар  болып  табылады,  олар  жиналып,

                   жойылуы  керек.  Атом  электр  стансаларында  аз  болса  да,  апаттың  болу
                   ықтималдығын ескерсек, қоршаған ортаға радиоактивті заттардың таралуы
                   қайғылы жағдайға әкеп соғуы мүмкін.

                               Бұл жерде  термоядролық энергия көмекке келеді. Себебі отын ретінде
                   пайдаланылатын  дейтерийдің  қоры  іс  жүзінде  сарқылмайды,  өйткені  ол
                   мұхиттардың  суында  және  адамзаттың  оны  толықтай  игеруі  екі  талай.

                   Сонымен  қатар,  атом  энергиясымен  салыстырғанда  бұл  мағынада
                   басқарылатын термоядролық энергия әлдеқайда таза, өйткені оның өнімдері
                   альфа бөлшектері мен нейтрондар болып табылады.
                             Оқу  құралының  негізгі  мақсаты  –  адамдардың  энергетикалық

                   қажеттіліктерін  қанағаттандыру  мәселесін  шешу  үшін  сарқылмайтын
                   энергия көзі термоядролық энергия жайында студенттер мен оқытушылырға

                   мағұлмат беру. Бұл оқу құралы термоядролық энергияны қолдануға арналған
                   құралдар туралы мәлімет беруге арналған.
   1   2   3   4   5   6   7   8