Page 5 - Оқу құралы ТЕРМОЯДРОЛЫҚ ЭНЕРГЕТИКА. ТОКАМАК
P. 5
1Термоядролық энергия
1.1Термоядролық синтез
Бүгінгі күні бүкіл дүние жүзінде адам тұрмысының ең маңызды факторы ол
энергия болып саналады. Қатынас, жарықтандыру, жылыну сынды күнделікті
тұрмыстың көптеген бөлшегі энергияға байланысты. Сонымен бірге
энергиясынсыз өнеркәсіп те болмайды.
Энергия экономиканың да ең маңызды бөлшегі. Түрлі салаларда
қолданылған энергия түрлерінің барлығы табиғи ресурстардан қамдалады. Кейбір
табиғи энергия көздерінің жаңалану жылдамдығы біздің тұтыну
жылдамдығымыздан өте төмен. Жаңаланбайтын энергия деп те аталатын осы
ресурстардың бастылары мұнай, табиғи газ және көмір. Жер астында шикі күйде
болатын және өңделу арқылы жағармайға айналатын мұнай ең қымбат энергия
көздерінің бірі. Оның бара-бара резерві азаюда. Сол секілді көмір мен табиғи газ да
азайып барады. Тұтыну мөлшері азаймаса, осы энергия көздерінің шамамен қырық
жыл ішінде бітуі көзделіп отыр. Айырықша осы жағармайлардың өндірісі мен
қолданылуы барысында қоршаған орта зиян көреді. Бұл балама энергия көздерін
іздеуді арттырды.
Энергия көздерінің ішіндегі - таусылмас энергия көзі «термоядролық
синтез». Термоядролық синтез деп екі жеңіл атом ядросы үлкен мөлшердегі
энергияны босату арқылы, бір ауыр ядроға бірігетін процесс. Яғни, шағын атом
ядроларының бірігуін айтамыз (1.1-суретте көрсетілген). Бұл кезде көп мөлшерде
энергия бөлінеді [1].
1.1 - сурет. Термоядролық синтез [1].
Кез келген ядролық реакция нуклондардың алмасуын, не олардың санының
өзгеруін білдіреді. Ядролардың жеңілірекке айналу процесі ядролық ыдырау деп
аталады. Бұл 1.1-суретте көрсетілгендей, егер екі ядро бір ауыр ядроға біріксе, бұл
термоядролық синтезді білдіреді. Біріктіру үшін ядролар арасындағы қашықтық
шамамен 0,000 000 000 001 см болуы керек. алайда бұған кулондық күштер кедергі
келтіреді. Оларды ядроларда үлкен кинетикалық энергия болған кезде жеңуге
болады.