Page 23 - «Танымдық квест ойындары» әдістемелік жинақ Даутова М.Т.
P. 23

QUEST

          жұмбақ жасырып, әртүрлі тапсырмалар береміз. Сіздер жұмбақты шешу
          арқылы қайда бағыт алатындарыңызды табасыздар. Мысалы, география
          пәніне қатысты сауал қойылып немесе жұмбақ жасырылса, аталмыш пән
          өтетін кабинетке баруға тиіссіздер. Ол жерде сіздерді тілге тиек болған
          пән мұғалімі күтіп алып, келесі тапсырманы жүктейді. Әр топтың қасында
          бір-бір тексеруші болады. Олар ештеңеге көмектеспейді. Тек бақылайды.
          Мен де сіздермен бірге жүремін. Жалпы ереже түсінікті ме? Олай болса,
          алдымен өз топтарыңызға атау ойлап табыңыздар.
                 (Топқа ат қою)
                 Жүргізуші:
          Енді өздеріңізге ұнайтын ұран ойлап табыңыздар. (Ұран ойлап табады)

                 Жүргізуші:
                 Бәрекелді! Енді алғашқы сұрақты қояйын. Бұл ғылымның зерттеу
          нысанына  геосфера,  биосфера,  атмосфера,  литосфера,  гидросфера,  жер
          қабаты  жатады.  Бұл  қандай  пән?  Қай  кабинетке  бару  керек?  Өздеріңіз
          шешімін  тауып,  соған  бағыт  алыңыздар.  Ал  мен  сіздерге  сәттілік
          тілеймін.

                          Бұл тапсырма бойынша оқушылар
                        география пәні кабинетіне баруы тиіс


                 География пәні мұғалімі:
                 Құрметті қатысушылар, қадірлі оқушылар! Сіздер дұрыс бағытпен
          келесіздер! Қазір мен сіздерге сұрақ қоямын. Сіздер сол сұрақтың жауабы
          мен  топтарыңыздың  атауын  ақ  параққа  жазып  маған  қалдырасыздар.
          Мен ойын соңынан оны сарапшыларға өткіземін.
                 Сұрақтар  үлгісі  (мұғалім  өзі  қалаған  сұрақты  дайындап
          қоюғада болады)
                 1.  Жердің ортасынан экваторға дейінгі ара
          қашықтық?
                 2.  Қазақстан орман ресурсының басым ағаш түрі?
                 3.  Жер бетінде қанша мұхит бар?
                 4.  Қазақстан жер аумағы бойынша нешінші орында?


                                                                           19
   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28