Page 25 - «Танымдық квест ойындары» әдістемелік жинақ Даутова М.Т.
P. 25

QUEST

                     Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
                     Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес.
                     «Мені» мен «менікінің» айрылғанын,
                     «Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес».


                                «Әмірің қатты Есімхан,
                                Бүлік салып бұйырдың:
                               «Басын бер деп батырдың!»
                               Қанын ішіп қанбаққа,
                               Жанын отқа салмаққа.
                               Атадан жалғыз мен емес,
                               Хан ие, ісің жол емес».

        4. Көзін ауылға келгесін екі күннен соң ашты. Жұрт асырауға көнеді
        десті. Өзіне жеке асқұйғыш - итаяқ әзір болды. Бауырын көтеріп, тырбанып
        жүруге  айналған  соң,  мойнына  жіп  тағылды.  Үй  ішінен  шықпайды.  Түн
        баласында Құрмаш қасына алып жатады. Сол үшін кәрі әжесінің қойнынан
        да шығып кетті. Бөлек жатады.

        5.  Кешегі сұрапыл Ұлы Отан соғысы кезінде он жасар қазақ баласы
        Украина жерінде, тау тылында, партизандар қатарында болды дегенге,

        бәлкім сене де қоймассыздар. Сөйткенмен, осы бір сәбидің басынанкешкен
        қилы-қилы  өмір  соқпақтарын  оқушыларға  айтып  беру  көптен  бергі
        борышым сияқты болып келген еді. Қайда барсам да, сол баланың бейнесі
        көңілімнен  бір  шықпай,  әлдебір  балалық  мұңын  шаққандай,  көз  алдыма
        мөлтеңдейді  де  тұрады.  Сәби  жүзі,  бұғанасы  қатпай ауыр  күндерге  душар
        болған балғын шағы жан-жүйемді тебіренте беретін болды.









                                                                           21
   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30