Page 29 - «Танымдық квест ойындары» әдістемелік жинақ Даутова М.Т.
P. 29
QUEST
1. Электрондарда қандай заряд бар?
2. Халықаралық бірліктер жүйесіндегі температура бірлігі қандай?
3. Дененің жылдамдығын бірінші болып кім анықтады?
4. Атомдарда заряд бар ма?
5. Астрономияға қолданылатын физиканы зерттеу қалай аталады?
6. Чарльз заңы сұйықтардың жүріс-тұрысына негізделген. Дұрыс па,
бұрыс па?
7. Тығыздық векторлық шама бола ма?
8. Физиканың қай саласы жылуды және оның жұмыспен байланысын
зерттейді?
9. Жердің тартылыс күшінің мәні қандай?
Физика пәні мұғалімі:
Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін. Менің тапсырмам
осымен тәмам.
Жүргізуші:
Сізге зор алғысымызды білдіреміз. Біз ары қарай жалғастырамыз.
Адамзат баласының өткенін зерттейтін қоғамдық ғылым қалай аталады?
Келесі бағыт соған қарай? Қай пән кабинетіне барамыз? Ал, кеттік...
Оқушылар тарих сабағы өтетін кабинетке баруға тиіс
Тарих пәнінің мұғалімі:
Қымбатты мектепішілік квест ойынының қатысушылары! Сіздер
дұрыс тауып келдіңіздер. Біз өткенімізді білмей, кемел келешекке
қадам баса алмаймыз. Өткен күннен сабақ алу адамзат баласына парыз
екені айтпасақ та белгілі емес пе? «Тарихты білмей, өткенді, қазіргі
жағдайды білу, болашақты болжау қиын» - деп Әбу Насыр әл-Фараби
бабамыз бекер айтпаса керек-ті. Менің алғашқы тапсырмам мынадай,
қазір сіздерге тарихқа қатысы бар адамдардың суретін көрсетемін.
Сіздер ол тұлғаның кім екенін берілген ақ параққа жазуға тиіссіздер.
Оқушылар мұғалімнің тапсырмасын орындайды
25

