Page 32 - «Танымдық квест ойындары» әдістемелік жинақ Даутова М.Т.
P. 32

айтады) күтеміз! Ол жерде мұғалімдер,  арнайы сарапшылар тобы өз
          шешімдерін шығарып, марапаттайтын болады. Қорытынды жиында
          жолығайық!
           Қорытынды.
           Марапаттау рәсімі.


                    4. «ТУҒАН  ЖЕРДІ  ТАНЫП,  БІЛ!» КВЕСТ ОЙЫНЫ
                               (Колледждер мен жоғары оқу
                         орындарының студенттеріне арналады)

          Өзектілігі
               «Туған  жерді  танып,  біл!»  квест  ойыны  өскелең  ұрпақты  ұлы
          даламыздың  өркениетті  қалаларын  тануға  жетелейді.  Квест  сайысы
          колледж немесе жоғары оқу орнының аудиторияларында өтеді. Жоба
          арқылы  қатысушылар  еліміздің  тарихи  жерлерін  танып,  Ұлы  Жібек
          жолы  бойында  орналасқан  көне  қалалар  жөнінде  мәлімет  жинап,
          атамекеніміздің   қасиет-қадірін,   тарихи,   әлеуметтік,   мәдени
          жетістіктерін айқын сезінеді.
              Байқаудың  мақсаты  -  жастар  арасында  квест  сайысын  өткізу
          арқылы  еліміздің  әр  қаласының  бай  тарихы,  мәдениеті,  ерекшелігі
          мен  ұлттық  құндылықтарын  ұғындыру,  «Болашаққа  бағдар:  Рухани
          жаңғыру» бағдарламасы қағидаттары негізінде Қазақстанның жарқын
          жетістіктерін дәріптеу.

          Міндеттері:
              1) Қала өркениетін жан-жақты таныта білу, жастарды туған жерді
          танып-білуге үндеу;
              2) Жастардың бойындағы танымдық қабілеттерін дамыту;
              3)  Жаңа  буынды  отансүйгіштікке,  тағылымды  тарихымызды
          тануға баулу.

          Қатысушылар:  колледж және ЖОО студенттері.
          Шараның ұзақтығы:  1 сағаттан аспау керек.







          28
   27   28   29   30   31   32   33   34   35   36   37