Page 34 - «Танымдық квест ойындары» әдістемелік жинақ Даутова М.Т.
P. 34

Сейфтің қасында белгілі ғалым
                            Аймақ Жанғалиевтің суреті бар. Студенттер
                            Аймақ Жанғалиевтің еңбектері мен ботаника
                         ғылымына сіңірген мол үлесі жөнінде білуі керек. {5}




              Сайыскерлер ғалым жайында нақты ақпарат
          айтқан жағдайда темір қорапты аша алады. Темір
          қораптың ішінен алма шығады. Алмаға «Алманың
          отаны атанған шаһарды білесің бе?» деген сұрақ
          жапсырылған. Студенттер жауап берген соң кіре
          берісте  тұрған  бақылаушыдан  «Алматы»  деп
          жазылған картаның бір бөлігін алады.

                Карта бөлігінің астында «982 жылы Худуд әл-Әлемнің
           Әлем шекарасы трактатында жазылған қазақ жеріндегі қала?»
           деген сұрақ болады.  Сауалға жауап берген  квест ойыншылары
                           №2 аудиторияға жол тартады.


                               Аудиторияның      кіре   берісіндегі   партада
                           сүйектен жасалған алты шахмат тұрады. Бір шахмат
                           тақтасында «Қала тарихы   мен шахмат тақталарын
                           не  байланыстырады?»  деген  сауалмен  берілген
                           тапсырма бар. Топ мүшелері  ежелгі  Талхиз, бүгінгі
                           Талғар  қаласының  Ұлы  Жібек  жолы  бойындағы  ірі
                           сауда орталығы болғандығын айтуы қажет. Мысалы,
                           Талхиз  шаһарының  орнын  қазған  археологтар
                           көптеген құнды деректерді қағазға түсірген. Соның
          бір  жарқын  дәлелі  піл  сүйегінен  жасалған  алты  шахмат  тақтасы
          мүсіндері. Осы және өзге де ерекше деректерді қатысушылар мысалға
          келтірсе құба-құп. {6}


          30
   29   30   31   32   33   34   35   36   37   38   39