Page 38 - «Танымдық квест ойындары» әдістемелік жинақ Даутова М.Т.
P. 38
алып, бөлікке жазылған сұрақты оқиды.
Картаның екінші бетінде бейнеленген
кесененің суреті бар.
«Бұл сәулетті нысан еліміздің қай
өңірінде орналасқан? Тарихи мұра кімге
арналған?». Осы сұраққа ізденушілер
жауап табуы керек. Олардан кесененің
тарихы, қастерлі орын арналып салынған
тұлға туралы жан-жақты білу талап етіледі. Мемлекеттік маңызы бар
архитектуралық кешен жөнінде толымды жауап берген сайыскерлер
№6 дәрісханаға кіре алады.
Квестшілер аудиторияға кіріп, арнайы бағыттаушы сызық
бойымен жүреді. Бұл сызық алаш қайраткері, өнер жанашыры
Темірбек Жүргеновтің қабырғада тұрған суретіне бастайды.
Ұлттың жоғын жоқтап, барын түгендеген
ғалым, біртуар тұлғаның соңына қалдырып кеткен
мұрасы ұшан-теңіз. Зұлмат заманның қасіретіне
тап болған жанның еңбектері, ұлттың дамуына
қосқан үлесі сөз болуы керек. Мәліметтер арасында
тың деректер болса артықтық етпейді. Аталмыш
тапсырма ретімен орындалған жағдайда жарыс
көрігін қыздырушы жастарды дәрісхананың сол жақ
бұрышында «Құпия жәшік» күтіп тұрады.
Құпия жәшікті ашу үшін жас буын
қорап сыртында тұрған тұлғаның бейнесін
танығаны шарт. (Суретте Ыбырай Жақаев
бейнеленген) Танып, ол жөнінде барынша
тұщымды, толық әрі қызықты мәлімет
берген қатысушылар құпия қорапты
ашып, ішінен тиісті затты қолға алады.
Тұлға мен құпия жәшік ішіндегі өнімді
34

