Page 39 - «Танымдық квест ойындары» әдістемелік жинақ Даутова М.Т.
P. 39
QUEST
байланыстыра пікір білдіреді.
Тапсырмалар орындалып болған
соң сайысшыларға арнайы бақылаушы
маман Қызылорда облысының картасын
табыс етеді. Картаның екінші бетінде
әдеттегідей сұрақ бар. «Тасқопа елді
мекенінен табылған «Алтын» адам» қай
облыстың жерінде орналасқан?». Ел
тарихын жетік білетін студенттер келесі
аудиторияға бағыт алады.
Кезекті бекет - №7 дәрісхана. Жарысқа
қатысушылардың маршрутын анықтап
беретін бағыттаушы ( )
аудиторияның ортасында, парта үстінде
тұрған үш тал қызғалдақ гүлін нұсқайды.
Бұл Қазақстанда кездесетін әйгілі шренк
қызғалдағы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті
қыры» бағдарламалық мақаласында «Қазақстан – қызғалдақтар отаны»
екені айтылады. Қазақстанның әр аймағында әр түрлі сұрыптағы
қызғалдақ гүлдері өседі. Сонымен кезекті сауал: «Шренк қызғалдағы
көп кездесетін еліміздің аймағын білесіз бе?».
Сұрақ бойынша сайыскерлер аймақ пен г
үл түрінің өзара байланысына тоқталғаны
жөн.
Бұл кезеңнен кейін бағыттаушы көмегімен
сайыскерлер Әйтеке Би Әлібекұлының суреті бар
нүктеге жол тартады. Бекеттен өтуі үшін олар бидің
нақыл сөздерін айтып, оның мәнін қысқаша түрде
ашып бергені абзал. Тиісті сұрақтарға жауап берілген
соң облыс белгіленген карта бөлігін иеленеді.
35

