Page 42 - «Танымдық квест ойындары» әдістемелік жинақ Даутова М.Т.
P. 42
құндылықтардың бірегейі – «Алтын ханшайым». Бұл жәдігер қай
жылы, қай жерден табылған? Қай дәуірде өмір сүрген?
Сайыскерлерден осы сауалдарға жауап
беру талап етіледі. Жан-жақты, мазмұнды,
толымды ақпараттарға құрылған деректер
сайыскерлердің алға жүруіне жол ашпақ. Бұдан
кейін бағыттаушы сызық сайыскерлерді кітап
сөресінде орналасқан Жұбан Молдағалиевтің
суретіне бастап әкеледі. Сол себепті қатысушы
жастар ақын Жұбан Молдағалиевтің екі шумақ өлеңін жатқа оқи
білуі қажет. Өңір тарихын түгендеген квестшілерге батыс Қазақстан
облысының картасы табысталады. Картаныңарғыбетіндегі келесісұрақ:
«Ұлт – азаттық көтерілісінің қаһарманы Кейкі батыр Көкембайұлының
дүниеге келген жері...». Ұлт үшін жанын беріп, қолына ақ найзасын
ұстаған батырлардан қазақ халқы кенде емес. Ал Кейкі батыр еліміздің
қай аймағын қызғыштай қорып, сақтау үшін атқа мінді?
Сайысқа қатысушылар осы
сауалдарға жауап іздейді. Егер
тұлға жөнінде білімін көрсетіп,
тарих саласына
жетіктігін байқатса, олардың
алдынан даңғыл жол ашылады.
Квест ойыншылары №11 дәрісханаға бет түзейді.
Нысанның ортаңғы бөлігінде әдеттегідей парта үстінде
ежелгі темір дәуіріне жататын көне ескерткіштің
(Екідің) суреті қойылады. Жас талап иелері академик
Әлкей Марғұлан зерттеген тарихи кешен туралы
мәлімет беруі қажет.
Одан кейін арнайы бағдар бойынша квестшілер бидай салынған
қорапшаны табуға тиіс. Дәнді дақыл салынған жәшікте тапсырма бар.
«Қостанай ел арасында неліктен астық державасы атанған?». Осы
тапсырмаға жүйелі жауап берген сайыскерлер Қостанай облысының
38

