Page 47 - «Танымдық квест ойындары» әдістемелік жинақ Даутова М.Т.
P. 47
QUEST
5. «Қазақстанда жасалған»
квест ойыны
Мұғалім: Құрметті ас қадірменді қауым! Еліміз егемендік
алып, тәуелсіз мемлекет болғанымызға мінекей 30 жыл болыпты. Сол
себепті бүгінгі ойынымызды сол керемет мерекемізге арнаймыз.
Армысыздар, қонақтар, ұстаздар!
Құрметпенен қол соғар сендерге балалар!
Бәстеседі бүгін олар,
Түрліше ойын ойнап,
Ой - өрісін дамытар!
1 Жүргізуші:
Армысыңдар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Ойын ойлап та, ән де бүгін шырқалар!
2 Жүргізуші:
Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,
Ойланайық, жарысайық, ойнайық,
Тәуелсіздік күнін қарсы алайық!
«Қазақстанда жасалған» тақырыбыңдағы квест ойынды
бастайық!
1 Жүргізуші:
Құрметті қауым! Ойыншыларымызбен тапсырмаларды
орындауын бағалау үшін әділ- қазылар алқасын шақырайық.
2 Жүргізуші:
Қазылар құрамына мектебіміздің мұғалімдері ...., ...., ....... ,
кіреді. Қазылар үш тұрақ бойынша жұмысты бағалайды, ойынның
соңында, жеңімпаз командасын таңдайды.
1 Жүргізуші: Бүгін, балалар, сіздерге квест ойынын
ұсынамыз.
Ол үшін біз 2 топқа бөліндік: «Жұлдыз» және «Болашақ». Бұл
ойында, сіздерге, 5 тұрақтан өту керек, 5 тұрақтың жасырын
тапсырмаларын орындау қажет.
2 Жүргізуші:
Әр тұрақтың тапсырмаларын дұрыс орындасаңыздар, сіздерге
43

