Page 51 - «Танымдық квест ойындары» әдістемелік жинақ Даутова М.Т.
P. 51
QUEST
жазып алуға ұмытпаңыздар.
1, 2 Жүргізуші: Келесі тұрағымыздың атауы экранда:
Ән шырқаймыз..
1, 2 Жүргізуші: Ән шырқаймыз тұрағына барайық.
5 тұрақ Ән шырқаймыз
1 Жүргізуші:
Біздің халық өнерге мол, бай тегі,
Әнші деп те, күйші деп те айт оны.
Әнге сенің қанша икемің бар екен,
Тыңдап алып жалғастырсаң қайтеді?
2 Жүргізуші: Сонымен, келесі соңғы «Ән шырқаймыз» деген
тұраққа келдіңіз, құттықтаймыз! Сіздерге жеребе бойынша бір ән
айту керек.
1, 2 Жүргізуші: Сөйтіп, бірінші болып, .... командасы, ....
(әннің атауы) шырқайды! Тамашалайық! Ду қол шапалақ!
1, 2 Жүргізуші: Екінші болып, .... командасы, (әннің
атауы) шырқайды! Тамашалайыйқ! Ду қол шапалақ!
2 Жүргізуші:
Өнеріміз сайыста, жетелейді алысқа. Бүгінгі күннің жеңісі,
достық болып қалуда дей - келе қортынды сөзді әділқазылар
алқасына береміз.
1 Жүргізуші:
Демеңіз, біз өнерді аяп қалдық,
Мезгілде біраз жерге таяп қалдық.
Қош болып тұрыңыз көріскенше,
Осымен сайысымыз аяқталды.
Сонымен біздің квест ойынымыз аяқталды,
Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!
47

