Page 52 - «Танымдық квест ойындары» әдістемелік жинақ Даутова М.Т.
P. 52
6. «Танып біл»
квест ойыны
Мақсаты: ұйымшылдыққа, өзара бірлікке тәрбиелеу, көшбасшылық
қасиеттерді, өзара қолдау мен ынтымақтастықты дамыту, позитивті
өзара қарым-қатынасты қалыптастыру, креативті ойлауға,
шешімдерді қабылдап, оларды жүзеге асыруға баулу.
Барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі:
Армысыздар, құрметті әріптестер! Бүгінгі «Кітаппен серуен» квест
ойынына қош келдіңіздер!
ІІ.Негізгі бөлім.
Бүгінгі шарамыз квест ойыны түрде өткелі тұр. Яғни, көріп
отырғандарыңыздай түрлі станцияларда тапсырмаларды орындап,
балл жинайсыздар, яғни 3 топ маршрут парағы бойынша
станциялардағы түрлі тапсырмаларды орындайды.
Бірінші болған команда тапсырманы алып, келесі
станцияларға өте береді.
Станция атаулары
1.«Қазақтың 100 әні жобасы»
2. 100 кітап жобасы
3. Абай өлеңдері
4. «Біз бір отбасы»
Топтар маршрут парағы бойынша станцияларда жүріп өтеді.
1. «Қазақтың 100 әні жобасы» станциясы. Қатысушылар бір әнді
тыңдап, авторын анықтайды. Төрт шумағын жазып, караокемен
қосылып әнді шырқайды. Уақыты – 7 минут.
Әннің атауы
Әннің авторы
Әннің мәтіні
2. 100 кітап жобасы.
Бұл қай кітап?
48

