Page 57 - «Танымдық квест ойындары» әдістемелік жинақ Даутова М.Т.
P. 57

QUEST

                                7.«Кітаппен серуен»
                                     квест ойыны
        Мақсаты:  білім  алушыларды  ұйымшылдыққа,  өзара  бірлікке,
        көшбасшылық  қасиеттерді,  өзара  қолдау  мен  ынтымақтастықты
        дамыту,  позитивті  өзара  қарым-қатынасты  қалыптастыру,  креативті
        ойлауға, шешімдерді қабылдап, оларды жүзеге асыруға баулу.

        Жүргізуші:
        Сәлеметсіздер ме? «Кітаппен серуен» атты квестке қош келдіңіздер!
        Квест дегеніміз не?
        Квест – ағылшын тілінен аударғанда «іздеу» немесе «оқиға» дегенді
        білдіреді. Кез келген оқиғаны іске асыруда іздену арқылы жүзеге
        асыратын ойын, тапсырмалар.
        Шарты: Барлық тапсырманы орындауда ережені сақтай отырып, әділ
        ойнау.
         1.  «ТОҚТА, GPS КІТАБЫ!»
            o  GPS Кітап қала көшесін ай сайын аралайды.
            o  Кез келген адам «ТОҚТА, GPS КІТАБЫ!»  Жобасына
            o  қатысып, бізбен бірге саяхат жасай алады.
            o  Сонымен  қатар  сүйікті  қаламыздың  түрлі  құпияларын,
               көшелері  жайлы  аңыздарын  біліп,  осыған  дейін  ашпаған
               беттерімен танысуларына болады.
            Біз бүгін қала көшелеріне ерекше саяхат жасаймыз. Әр аялдамада
        жүру  бағытымызды  анықтауға  көмектесетін  түрлі  деңгейдегі  түрлі
        тапсырмаларды орындайтын боламыз.
            Сонымен,  достар,  алдымызда  жолымызды  анықтауға  арналған
        аялдамалар көрсетілген маршруттық карта.
         1.  «Бастау»  аялдамасы
        Жүргізуші:
            -   Бірінші       тапсырманы  орындай      отырып,        автокөлік
               бізді қайда апаратынын білетін боламыз.
        №1 тапсырма.
        Шатасқан  әріптердің  арасынан  8  атақты  адамның  тегін  тап.
        ЦУКҚҰНАНБАЕВЕНИНФЫПУШКИНДЖЭЯЧСМИТЬҚАЙС

                                                                           53
   52   53   54   55   56   57   58   59   60   61   62