Page 46 - «Танымдық квест ойындары» әдістемелік жинақ Даутова М.Т.
P. 46
Ескерткіштің қасында «Бостандық, кеңдік, еркіндік –
Басқаны жаны сүймеген,
Бұғалық салса ұстауға Ақырып тулап сүйреген,
Арқаның болдық ұланы»
деген өлең жолдары жазылып тұрады. Ойыншыларға
«Өлеңнің авторын табыңыз!» деген тапсырма беріледі.
Тапсырма ойдағыдай орындалса квест нүктесі Сәкен
Сейфуллиннің ескерткішіне барады. Жастар Сәкен Сейфуллиннің
өмірбаянына тоқталып, шығармашылық мұраларын түгендейді.
Осы тапсырмалардың барлығын орындап болған соң олар
Нұр-Сұлтан қаласының картасына ие болады. Осылайша
14 облыс пен 2 қаланы қамтыған «Туған жерді танып, біл!»
атты квест ойыны аяқталады.
Ойын аяқталғанда Қазақстанның әр өңірінің қиылған бөлігінен
құралған карта дайын болады. Студенттер Қазақстан картасының
қасында естелік суретке түседі. Сарапшылар пікір білдіріп,
сайыскерлерге алғыс айтады.
Жүргізуші:
Құрметті достар, осымен Ұлы даланың қалалары туралы квест
ойынымыз тәмам. Туған жердің шырайлы шаһарларын тани жүрейік.
Аман-сау болыңыздар!
42

