Page 45 - «Танымдық квест ойындары» әдістемелік жинақ Даутова М.Т.
P. 45
QUEST
«Назарыңыздағы тарихи ескерткіш
туралы баяндап беріңіз» деген тапсырма
бар. Студенттер археологиялық олжа
жөнінде зердесіне түйген мәліметтерді
баяндап бергені абзал. Негізгі
тапсырмалар орындалған жағдайда
квест саяхатшылары Шығыс Қазақстан
облысының картасын қолға алады.
Карта бетіндегі келесі сұрақ: «Саяхатшы
П.Палластың жазбаларында тұз өндіру орталығы ретінде көрсетілген
шаһар атауын білесіз бе?».
Тиісті сауалға жауап алынғаннан кейін қатысушылар №15
аудиторияға еніп, арнайы бағытқа ілеседі. Жол сілтеуші бағыт
оларды біртуар тұлға Мәшһүр Жүсіптің суретіне алып барады.
Жаңа буын өкілдері ақын, зерттеуші жөнінде қысқаша ақпарат беруі
қажет. Квестшілер М.Көпейұлының
өлеңдерінен, дастандарынан үзінді
келтірсе артықтық етпейді.
Аудиториядағы соңғы нысан
Баянауылдағы «Кемпіртас» болмақ.
Шәкірттер туристік орын туралы аңыз
сөз қозғап, көрікті жердің облыстағы
маңызы жөнінде деректер келтіргені
абзал.
Осылайша соңғы бекеттен өткен соң бақылаушы маман оларға
Павлодар облысы бейнеленген карта бөлігін береді. Картаның екінші
бөлігінде сұрақ жазылған. «Поляк ғалымы Адольф Янушкевич «бүкіл
даланың болашақ астанасы» деп жазған қазақ жеріндегі қала?». Сайт-
порталдарда, кітаптарда бұл туралы бірнеше материал жарияланған.
Егер қаланың атауын тапқан жағдайда келесі дәрісхананың есігі
айқара ашылады. Кезекті аудитория №16. Нысанның дәл ортасында
«Мәңгілік ел» аркасының суреті қойылған. Студенттер қаланың
көрнекті орнының бірі жөнінде кеңірек баяндауы керек. Оның салынған
уақыты, архиектуралық ескерткіш авторы туралы ақпарат беруі қажет.
41

