Page 44 - «Танымдық квест ойындары» әдістемелік жинақ Даутова М.Т.
P. 44

Кезекті сауал: «Бегазы Дәндібай кешені табылған аймақты білесіз бе?»
          деп аталады.
              Қола    дәуіріне   тән   мәдениет
          ескерткіштері, оны зерттеген ғалымдар,
          тайпалар  қоныстанған  аумақ  жөнінде
          квест-ойыншылары  нақты  ақпараттар
          беруі  қажет.  Одан  кейінгі  маршрут
          бағыты  сайыскерлерді  кішігірім  «көмір
          бассейніне»  алып  баруы  керек.  Яғни
          бұл жерде студенттер Қарағанды көмірі
          қалай табылды, өңір экономикасына көмірдің пайдасы жайында пікір
          білдіріп,  ой  қорытады.  Ойын  қатысушыларын  бұдан  кейін  «Алтын
          адам»  бекеті  күтіп  тұрады.  Яғни  аудиторияның  сол  жақ  түкпірінде
          алтын адамның кішірейтілген үлгісі қойылады. Студенттер Қарқаралы
          жерінен, талды кентінен табылған қорған жайында, одан шыққан алтын
          адам туралы айтып беруі керек.
               Бұл тарихы терең тарихымыз бен ұлттық руханиятымызға деген
          жастардың ұмтылысы мен білім-біліктілігін көрсететін өлшем болмақ.
          Осыдан  кейін  барып  сайыскерлер  арнайы  бақылаушының  қолынан
          Қарағанды  облысының  картасын  алады.  Картаның  екінші  жағында
          сұрақ жасырулы тұр. «1700 жылдары Кеңгіртұра деп аталған қала...».

                                       Ескерту:
                 Бұл шаһар туралы Германияда тұратын тарихшы,
            Гумбольдт сыйлығының иегері Нұрлан Кенжеахмет жазған.  [9]


                      Квестшілер қала атауын дәл тапқан жағдайда кезекті №14
             аудиторияға кіруге жол ашылады. Дәрісхана табалдырығын аттаған
                олар бағдар бойымен жүреді. Аудиторияның төрінде Абай туған
          Жидебайдың суреті немесе киелі жердегі кесенелердің кішірейтілген
          үлгісі қойылуы тиіс. Топтың бір мүшесі «Жидебай жөнінде не білесіз?»
          деген сауалға жауап беріп, Абайдың бір шумақ өлеңін жатқа оқуы қажет.
                Ары қарай бағдар нысанның сол жақ бұрышындағы кітап сөресі
           жақтағы Шілікті алтын адамының мүсіншесіне қарай барады. Мұнда


          40
   39   40   41   42   43   44   45   46   47   48   49