Page 43 - «Танымдық квест ойындары» әдістемелік жинақ Даутова М.Т.
P. 43
QUEST
картасын иеленіп, картаның келесі бетінде жазылған «Көрнекті ақын
Мағжан Жұмабаев туған өңірді атаңыз!» деген сауалға жауап іздеуге
кіріседі. «Мен жастарға сенемін» деп жырлаған ақынның кіндік қаны
тамған жерді табу қиындық келтірмейді деп сенеміз.
Одан кейін бағдар бойынша ынталы топ №12 дәрісхананың оң жақ
бұрышындағы негізгі нысанның біріне тоқтайды. Бұл тұста еліміздің
тарихын әлемге әйгілеген «Ботай» қонысының кішірейтілген үлгісі,
қоныстан табылған аттардың бейнесі көзге шалынады. Студенттер
көрнекті орынның қазақ тарихындағы орны, осы мекеннің дүние жүзін
мойындатқан археологиялық табыстарын тілге тиек етеді.
«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы атқа міну мәдениеті
жайында қамтылғаны абзал. Құнды деректер мен қызықты мағлұматтар
талап иелерінің пікірлерінде молынан кездесуі тиіс. Бағдардың осы
аудиториядағы соңғы нүктесінде Абылай хан резиденциясы болады.
Көреген ханның ақ үйі қайраткер тұлға өмірінің деректерімен және
мұрасымен сабақтастырыла баяндалуы қажет.
Тиісті тапсырмалар орындалған
соң топ мүшелері арнайы
бақылаушыдан Солтүстік Қазақстан
облысының картасын алады. Карта
бөлігіндегі сауал қатысушылардың
бағын сынап, келесі кезеңге іріктеу
мақсатында жазылған. Сонымен
сұрақ мынадай: «Қорғалжын қорығы
орналасқан аймақ...».
Қазақстанның тарихы, табиғаты, тұлғалары жайында білмекке
талпынған жастар аталған сынақтан тұщымды пікірлерімен
ерекшеленіп өтуі тиіс. Ары қарай оларға №13 аудиторияның есігі
айқара ашылады. Дәрісхананың ортаңғы тұсында арнайы музыкалық
құрылғы орналасқан. (магнитофон, болмаса ұялы телефоннан да қосуға
болады). Квестшілер келгенде онда «Ләйлім шырақ» әні қосылады.
Құрылғының дәл төменгі жағында «әннің авторын табыңыз» деген
тапсырма жазылған. Ары қарай ұл-қыздар Ақмола облысы бейнеленген
карта бөлігін алып, ондағы келесі сұраққа жауап беруге оқталады.
39

