Page 41 - «Танымдық квест ойындары» әдістемелік жинақ Даутова М.Т.
P. 41

QUEST



              Қасында «Егеулі найза қолға алмай, ерлердің ісі бітер ме?!» деген
          ақын өлеңі жазылған. Қойылатын сауал: «Даңқты батыр, арқалы ақын
          Махамбет Өтемісұлының дүниеге келген аймағын білесіз бе?». Сұраққа
          жауап  беру  арқылы  қатысушылар  келесі  аудиторияның  есігін  ашуға
          мүмкіндік алмақ. №9 аудитория ішіндегі алғашқы бағдар квест бәсекесіне
          қатысушыларды көне Сарайшық қаласының суретіне бастайды.
                Қaстерлі  өңірдің  тaрихы  Сaрaйшық  шaһaрымен  тaмырлaсып
          жaтыр. Қала  қaзaқ  хaндығы  дәуірінде  aсa  мaңызғa  ие  болғaн. Талап-
          ережеге сай Ұлы Жібек жолы бойындa орнaлaсқaн шаһардың әлеуметтік,
          экономикалық  әлеуеті  сөз  болуы  керек.  Аталмыш  кезеңнен  соң
          бағыттаушының ретімен студенттер мұнай бұрғысының кішірейтілген
          үлгісін көреді.
                                             Яғни,    кішірейтілген   үлгінің
                                      төменгі жағында арнайы тапсырма бар.
                                      «Шежірелі  шаһар  не  себепті  «мұнайлы
                                      астана»   аталған?   Негізгі   себептері
                                      қандай?».  Тартысқа  толы  додада  бақ
                                      сынаушылар  осы  сұрақ  төңірегінде  ой
                                      өрбітіп,   білім-біліктілігін   дәлелдеуі
                                      қажет.       Бәсекеге   қатысушылар   осы
          сұрақтарды  ойдағыдай  өткеріп,  ізденісін    танытқан    жағдайда
          картадағы  облыстың  бөлігін  ала  алады.  Ал  карта  бөлігінде  «1917
          жылы Алаш қайраткері Ғабдул Ғазиз «Ұран»
          газетінің алғашқы нөмірін шығарған. Аталған
          басылым  қай  қалада  жарық  көрді?»  деген
          сұрақ жазулы тұр.
                Бұл  кезеңді  оңай  өткеру  үшін  квест
          ойыншылары  қазақ  басылымдары  тарихын
          терең білгені абзал. Басылымның жарық көрген
          жерін  табу  арқылы  олар  жаңа  аудиторияға
          кіруге  мүмкіндік  алады.  Квест  ойынының
          келесі бекетінің ортасында бағдар бойынша ел
          тарихындағы  ерекше  ескерткіш  орын  тепкен.
          Дәлірек  айтқанда,  тарихи-археологиялық



                                                                           37
   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45   46