Page 40 - «Танымдық квест ойындары» әдістемелік жинақ Даутова М.Т.
P. 40
Карта бөлігінің келесі бетінде «Атақты геолог Николай Андрусов
палеонтология мен тектоника, планетология мен стратиграфияның
беті ашық жатқан оқулығына теңеген қала?» сұрақ жазулы тұрады.
Ғалымның сипаттамасына сәйкес келетін шаһарды дұрыс тапқан
топ мүшелері келесі аудиторияның есігін аша алады.
№8 дәрісханада квестшілерді
бұдан да қызықты, мазмұнды
тапсырмалар күтеді. Сонымен
кезекті дәрісхана студенттерге қандай
тапсырмалар жүктейді. Ол үшін
іркілмей алға жүру керек. Аудиторияға
кіреберістегі сол жақ қабырғада
аңызбен астасқан орынның бірі – Шерқаланың суреті бейнеленуге тиіс.
СТУДЕНТТЕРГЕ КӨМЕК ҮШІН.
Бір қарағанда тау киіз үйге ұқсаса, енді бірде ұйықтап жатқан
Арыстан бейнесіне ұқсайды. Түрік тілінен аударғанда «Тау арыстан»
немесе «Арыстанды тау» деген мағына береді. Жергілікті халықтың
түсінігінде осы асқаралы тауды айналып шыққан адамның арманы
орындалады деген ұғым бар.
Дүбірлі додада бақ сынаушылар аталған кезеңнен кейін арнайы
бағдар бойынша Каспий теңізінің кішірейтілген үлгісін тамашалай
алады. Яғни әйгілі теңіздің қала өміріндегі маңызы, теңіздегі балықтар
әлемі, Каспийдің қойнауында қандай пайдалы қазбалар бар, сол туралы
айтып беруі қажет.
Аймақтың өзіне тән
ерекшеліктеріне тоқталып, толымды
ақпарат берген соң жастар Маңғыстау
облысының картасына қол жеткізіп,
ойынды ары қарай жалғастырады.
Әдеттегідей картаның арғы бетінде
бейнелі сауал бар. Сауалда Махамбет
Өтемісұлының суреті көрсетілген.
36

