Page 37 - «Танымдық квест ойындары» әдістемелік жинақ Даутова М.Т.
P. 37
QUEST
Сарапшылар берілген жауапты тыңдап өздерінің байыпты пікірін
айтады. Осыдан кейін додаға түсушілер картаның Тараз шаһары бар
бөлігін қолға алып, келесі сұраққа жауап іздейді. «Қазақ билеушілерінің
хан көтеру салтанаты өткен қала?».
Осы сауалға жауап табу арқылы студенттер №5 дәрісханаға
жол тартады. Олардың пікірлерін сарапшылар бағалап,
қабылдайды. Арнайы бағыттаушы (стрелка) дәрісхананың
ортасына бастап апарады. Бұл тұста шаһардың негізгі с
имволдарының бірі назар аудартады.
Тайқазанның ішінде әдеттегідей
сауал бар. «Түркістандағы тайқазанды
көтерген алып тұлғаларды білесіз бе?».
Сайыс үміткерлеріне көмек ретінде
сұрақтың қысқаша жауабы беріледі.
Жауабы: «Ең алғаш тайқазанды көтерген
балуан Әз-Хайдар Хабас. Балуан
Басқарау Ертанаұлы да алып қазанды бір
мәрте көтеріп, қуат-күшін танытқан екен. Ал зілдей қазанды 13 мәрте
көтерген тұлға Алатау батыр Бесайдарұлы». Жарысқа қатысушылар
тайқазан тарихы және оны көтерген тұлғалар жайлы толымды мәлімет
беруі қажет. [2]
Бұдан кейін квест меңзері ( ) студенттерді кітап
сөресіне бағыттайды. Кітап сөресінде алдын-ала мақта қойылған.
Мақтаның қасында тұрған «Түркістан облысында мақта өсірілетін
жерлер бар. Сол жерлер туралы айтыңыз!» деген тапсырманы оқып,
іске кіріседі. Сұраққа байыпты жауап
берілуі керек.
Жалпы Түркістан облысында 6 ауданда
мақта өсіріледі. Сарапшылардың оң
бағасын алып жатса сайыскерлер картаның
Түркістан облысы бейнеленген бөлігін
33

