Page 36 - «Танымдық квест ойындары» әдістемелік жинақ Даутова М.Т.
P. 36

Студенттер  қызылшаны  қолына  алғанда
                                 көкөніске  жапсырылған  тағы  бір  тапсырмаға
                                 кез  болады.  Тапсырма  мынадай:  «Қант
                                 қызылшасы Талдықорған қаласы үшін қандай
                                 маңызға  ие?  Толығырақ  баяндап  беріңіз».
                                 Тапсырма өз деңгейінде орындалса студенттер
          арнайы  бақылаушыдан  картаның  Талдықорған  қаласы  бейнеленген
          бөлігін алады.

                  Картаның бұл бөлігінде
          Қарахан мазарының суреті бейнеленген.


              Суреттің астындағы жазуда «Кесене орналасқан қаланы табыңыз»
          деп жазылған. Дұрыс жауап берілген жағдайда №4 аудиторияға кіруге
          мүмкіндік  беріледі.  Топ  мүшелері  арнайы  бағыт  (             )
          бойынша дәрісхананың терезе жағына баруға тиіс.

                              Терезе алдында әйгілі Айша бибі кесенесінің
                           суреті көрініп тұрғаны жөн. Квест ойыншылары
                            «Көне ескерткіштің тарихына шолу жасаңыз»
                            деген тапсырманы орындауға кіріседі. Лайықты
                                жауап берілген соң бағытқа ілесіп олар
                            Ұлы Жібек жолы картасын табуы керек. Карта
                            аудиторияда орналасқан шкафта жасырылған.

              Студенттер Тараз шаһарының Ұлы Жібек жолындағы маңызына
          тоқталып,  көне  қаланың  сауда-экономика,  мәдениет  саласындағы
          әлеуетіне  екпін  береді.  Мысал  ретінде  Х  ғасырда  араб  географы  әл-
          Макдиси  қала  жайында  жазған:  «Тараз  –  бақтары  көп,  халқы  тығыз
          қоныстанған, қамал сыртынан терең орлар қазылған, төрт қақпасы және
          төңірегінде  елді  мекені  бар  ірі  бекіністі  қала»  деген  сөзін  келтіруге
          болады.  Ойыншылар  шаһар  тарихына  қатысты  өзге  де  деректермен
          білім-біліктілігін, қарым-қабілетін көрсетулері керек.


          32
   31   32   33   34   35   36   37   38   39   40   41