Page 31 - «Танымдық квест ойындары» әдістемелік жинақ Даутова М.Т.
P. 31
QUEST
Тарих пәнінің мұғалімі:
Осымен менің тапсырмам да, сұрақтарым да аяқталды. Белсене
қатысқан топтарға ризашылығымды білдіре отырып, сіздерге ақ жол
тілеймін. Әрдайым тарихымызды көкейге түйіп, оны зерттеп, зерделеп
жүріңіздер. Өз ұлтының тарихын, өткенін, кешегісі мен бүгінін білген
азамат, ертең еліне адал қызмет қылатынына кәміл сенемін. Жұртының
жоғын түгендеп, мұңын түсінген адамнан үлкен тұлға шығатыны да
бәрімізге белгілі. Сондықтан өз тарихыңды тани біл дегім келеді.
Жүргізуші:
Сізге де зор алғыс білдіреміз. Қазақстанның әрбір азаматы әскери
қызметтен тыс кезде де атыс қаруының түрлерімен танысып, әскери
техниканы үйренуі қажет, тіпті міндет десек те болады. Ал, сіздерге
сәттілік тілеймін.
Дұрыс бағыт бойынша қатысушылар алғашқы
әскери дайындық пәні кабинетіне баруға тиіс.
Бұл жерде мұғалім оқушыларға түрлі тапсырмалар береді.
Мәселен, Калашников автоматын бөлшектеу және жинау
Жүргізуші:
Рахмет, бұл сыннан да сүрінбей өткен секілдіміз. Келесі сұрағым
мынандай. Қазақ даласына алғаш Шоқыр Бөлтекұлы алып келген
спорттық зат қалай аталады?
Оқушылар спорт залына барып әлгі затты іздейді.
Затты тапқан соң барлық топқа тапсырма беріледі.
Турникке тартылу, жүгіру, арқанмен өрмелеп шығу т.б.
Бұл мұғалімге байланысты
Жүргізуші:
Қадірменді оқушылар, топ мүшелері. Осымен мектепішілік квест
ойыны өз мәресіне жетті. Сіздерді бір сағаттан соң (қайда жиналатынын
27

