Page 26 - «Танымдық квест ойындары» әдістемелік жинақ Даутова М.Т.
P. 26

6.   «Жүрегім, мен зарлымын жаралыға,
                 Сұм өмір абақты ғой саналыға.
                 Қызыл тіл, қолым емес, кісендеулі,
                 Сондықтан жаным күйіп жанады да.
                 Қу өмір қызығы жоқ қажытқан соң,
                 Толғанып қарауым сол баяғыға.
                 Түйіннің тоқсан түрлі шешуі бар,
                 Әдемі ертегідей баяғыда».
            7.  «Зар заман, зар заман, Зарлап өткен бір заман.
                 Сөздің басы - бисмиллаһ,Біз айталық, сіз тыңда».
            8.  «Мен түсімде зорлық көрдім,
                 Қорлық көрдім ғаламат.

                 Бір таныс қол соғып өтті әлдекімді паналап,
                 Зұлымдықтың жасырынып келетіні жаман-ақ.
                 Иығымнан ұшқан басым көкірегімнен домалап.
                 Бара жатты атамекен Ақжайықты жағалап,
                 Жүрегімнен аққан қанға боялыпты бар алап.
                 Жә, бұл түсім тегін емес мына сойқан заманда,
                  Тіршілікпен қоштасар сәт жетті-ау деймін маған да»
            9.    Курорттан қайтып бара жатқан сапарларында жолай үйге
          соқпақ  болған балаларын күтіп, Ерғабыл шал түн ортасы
          ауғанда  жатса  да,  ертеңіне  күн  шықпай  оянды.  Алагеуімде
          үндемей  жүріп  киініп  алды.  Мәсісін  де,  шылғауын  да  ешкімнен
          сұраған жоқ.

            10. «Биікте  Көк  Тәңірі,
          Төменде қара жер жаралғанда,
          Екеуінің арасында адам баласы жаралған.
          Адам баласы үстіне ататегім,
          Бұмын қаған, Істемі қаған отырған.
          Отырып түркі халқының ел-жұртын,
          Қалыптастырған, иелік еткен».


          22
   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31