Page 30 - «Танымдық квест ойындары» әдістемелік жинақ Даутова М.Т.
P. 30
Тарих пәнінің мұғалімі:
Келесі тапсырмаға кезек берейік. Қазір мен сіздерге сұрақ
жасырамын, сіздер оның жауабын әдеттегідей ақ параққа жазуларыңыз
керек.
Сұрақтар үлгісі (мұғалім өзі қалаған сұрақты дайындап қоюға
да болады)
1. Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған ұлы ойшыл,кемеңгер
данышпан?
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?
3. Жаугершілік заманда 50 жылдан астам уақыт қазақ қолынбастаған
батыр кім?
4. «Жеті жарғы» қай ханның тұсында жарияланған?
5. Грек тарихшысы Геродот сақтарды қалай атаған?
6. «Теле» сөзінің мағынасы нені білдіреді?
7. «Жерұйығын» іздеген жиһангер, абыз кім?
8. «Ұлы Жібек жолы» қайдан басталады?
9. Астананың тұсаукесері қай жылы өтті?
10. Атилланың шамамен өмір сүрген жылдары?
11. Орбұлақ шайқасында басшылық жасаған қазақ батырларын
атаңыз?
12. Ұлы хан атағын алғаннан кейін Үгедей мекендеген қала?
13. Қазақтың соңғы ханы кім?
14. Қазақтың алғашқы хандары?
15. Қазақ халқының азаттығы туралы жырлаған батыр кім?
16. Қаңлы тайпаларының астанасы болған қала?
17. Қазақстан қай жылы өз Тәуелсіздігін жариялады?
18. Сақ қоғамы неше топтан тұрған?
19. Қазақ елінің тұңғыш астанасы болған қала?
26

