Page 21 - электрондык_окулык
P. 21

7 - Дәріс
                                   Қалыптастыру принципі негізінде реляциялық МБ жобалау.
                        Жоспар
                        1.      Қалыптастыру принципі
                        2.      МБ-ның құрылымын жобалау
                        3.      Негізгі қалыпты үлгілер

                        Ақпараттық  жүйеде  ӛңделетін  мәліметтерді,  мәліметтерді  жобалау  әрекеті  алдағы
                  уақытта  анықталатын  мәліметтер  базасын  пайдаланатын  жүйеде  шешілуі  кӛзделген
                  мәселелерге сәйкес метамәліметтерді анықтауға келіп тіреледі.
                        ДБ-ның  құрылымын  жобалау  үшін  қарастырып  отырған  тақырып  бойынша
                  автоматтандырылған  жүйе  арқылы  шешілуі  кӛзделген  мәселелерді  жан-жақты  толық
                  талдау қажет, яғни мәселелік талаптар аумағын зерттеу керек. Тақырыпты жете зерттеу
                  барысында  маңыз-байланыс  диаграммасын  (ERD  –  entity-relation  diagrams)  немесе
                  қалыптастыру (normalization) принципі арқылы мәліметтер моделін анықтауға болады.
                        Мәліметтер моделін жобалаудың негізгі принципі болып табылатын қалыптастыру
                  принципіне тоқталайық.
                        Қалыптастыру  реляциялық  кестелерде  сақталатын  мәліметтердегі  мәліметтердің
                  қайталануы  мен  үйлесімсіз  қайшылықтарын  жою  арқылы  бір-бірімен  үйлесімді  және
                  белгілі мәліметтердің қайталануы болмайтын ӛзара байланыстағы кестелерді анықтауды
                  білдіреді.
                        Қалыптастыру  теориясы  қалыпты  үлгі  (ҚҮ,  Normal  Form  –  NF)  қолдануға
                  негізделген; қалыптастыру аппаратын ең алғаш Е.Ф. Koдд ұсынған. Егер кесте белгілі бір
                  талаптарды  қанағаттандырытын  болса,  онда  бұл  кесте  сәйкес  қалыпты  үлгіде  деп
                  есептеледі; әр үлгіге сәйкес талаптар қойылады. Теория жүзінде 1ҚҮ (1NF), 2ҚҮ (2NF),
                  3ҚҮ (3NF), Бойс-Koдд қалыпты үлгісі – БКҚҮ (BCNF), 4ҚҮ (4NF), 5ҚҮ (5NF) үлгілері
                  анықталған    анықталған;  іс  жүзінде  негізінен  алғашқы  үш  үлгі  ғана  (1NF  -  3NF)
                  қолданылады,  оның  үстіне  алғашқы  екі  үлгі  мәліметтер  базасын  3  ҚҮ-ге  келтіру  үшін
                  пайдаланылатын аралық үлгі болып табылады.
                        Негізгі қалыпты үлгілер реляциялық мәліметтер базасы теориясының функционалды
                  тәуелділік (немесе тәуелділік) ұғымына негізделген.
                        Қалыптық үлгілер әдісі арқылы мәліметтер базасын жобалау қатыстарды бір үлгіден
                  келесі  деңгейдегі  қалыптық  үлгіге  түрлендіруден  тұратын  құбылыс  болып  табылады.
                  Әрбір  келесі  қалыптық  үлгі  функционалды  тәуелділіктерді    шектеу  арқылы  алдыңғы
                  үлгінің  қасиеттерін  сақтай  отыра  мәліметтер  базасын  ӛңдегенде  орын  алатын
                  қайшылықтарды жояды.
                        Бірінші қалыптық үлгі (1ҚҮ–1NormalForm 1NF). Бірінші қалыптық үлгідегі (1NF)
                  қатыстың атрибуттары жалаң мән қабылдайтын жіктелмейтін қарапайым болады.  Әдетте
                  әрбір қатыс қарапайым кестеге ұқсас атрибуттары жалаң мән қабылдайтындай құрылымда
                  анықталады,  яғни  әуелден  1NF-те  болады.  Демек  бұған  дейін  қарастырылған  барлық
                  кестелер (Customer, Order, т.б.) 1NF-те болып табылады.
                        Егер Customer кестесіне Phone  бағанасын қосып, оған әрбір клиенттің жұмыс және
                  үй телефондарының нӛмірлерін  12-суреттегідей елестетіп енгізетін болсақ, онда бұл кесте
                  1NF талаптарын қанағаттандырмайды; оны 1NF-ке келтіру үшін Phone орнына WorkPhone
                  және  HomePhone  жиектерін    анықтасақ  болады:  Customer(CustomerID,  Company,  City,
                  Country, WorkPhone, HomePhone). Бұл кесте 1NF–те болғанымен құрылымдық кемшілігі
                  бар; біршама уақыт ӛткеннен кейін клиенттің ұялы телефон нӛмірін де сақтау қажет болса,
                  кестенің  құрылымын  ӛзгерту  керек  болады:  кестеге  тағы  бір  бағана  қосылады.  Бұл
                  мәліметтер  базасын  анықтау  арқылы  дайындалған  ақпараттық  жүйенің  пайдаланушысы
                  үшін  де,  жалпы  ДБ-н  ұйымдастыру  принципі  үшін  де  ыңғайсыз,  тиімсіз.  Мұндайда
                  телефон нӛмірлері  туралы мәліметтерді  бӛлек бір жеке кестеге  сақтаған жӛн;13-суретте
                  осы әдістің бір нұсқасы кӛрсетілген.
   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26