Page 18 - электрондык_окулык
P. 18
6 - Дәріс
Функционалдық тәуелділік: негізгі анықтамалар мен ұғымдары. Қалыпты
үлгілер мысалдары.
Жоспар
1. Функционалдық тәуелділік: негізгі анықтамалар мен ұғымдары.
2. Қалыпты үлгілер мысалдары
Негізгі қалыпты үлгілер реляциялық мәліметтер базасы теориясының функционалды
тәуелділік (немесе тәуелділік) ұғымына негізделген.
1 - анықтама. Е қатысының (кестесінің) А атрибутының (жиегінің) әрбір жеке
мәніне В атрибутының тек бір ғана мәні сәйкес келетін болса, онда В атрибуты А
атрибутына функционалды тәуелді болып табылады және бұл тәуелділік АВ арқылы
белгіленеді.
Мысалы, 9 - суреттегі Customer кестесіндегі клиенттің фирмасы, қала және
мемлекеті клиенттің жеке кодына функционалды тәуелді: CustomerID Company,
CustomerID City, CustomerID Country. Сол сияқты Order кестесінде : OrderID
OrderDate, OrderID OrderSum, OrderID Customer.
2 - анықтама. Егер АВ және ВА функционалдық тәуелділіктері орын алатын
болса , А мен В атрибуттары өзара функционалды тәуелді деп аталады, бұл АВ немесе
В А арқылы белгіленеді.
Мысалы, Person (Nomer_udos, FIO) кестесінде адамдардың толық аты-жӛні (FIO)
ешқандай қайталанбайды десек ол тӛлқұжат нӛмірімен ӛзара тәуелді болады: Nomer_udos
FIO. Шындығында, ӛмірде олай болуы мүмкін емес, демек, Nomer_udos FIO, ал FIO
Nomer_udos ( аты-жӛні толық бірдей толық аттас әртүрлі адамдардың тӛлқұжат
нӛмірлері әртүрлі болады, яғни Nomer_udos жиегі FIO жиегіне тәуелді емес).
3 - анықтама. Егер кілт емес атрибут құрама кілттің бір бӛлігіне ғана тәуелді болса,
онда ол кілтке жартылай тәуелді деп аталады.
Мысалы, Order (Тапсырыс) кестесімен байланыстағы OrderProduct (Тапсырылған
бұйымдар) кестелерін қарастырайық (9-сурет), мұндағы кілт емес жиектер - заттың аты
және бағасы - тек заттың кодына ғана тәуелді: ProductID ProductName, ProductID
UnitPrice, яғни олар кестенің кілтіне (OrderID, ProductID) жартылай тәуелді.
Customer Order OrderProduct
CustomerID(PK) OrderID(PK) OrderID (PK,FK)
ProductID (PK)
Company CustomerID(FK)
City OrderDate ProductName
Country OrderSum UnitPrice
Quantity
9 - сурет. OrderProduct кестесіндегі жартылай тәуелдік мысалы
Бұл жартылай тәуелділік кестеде мәліметтердің қайталануына (жіберілген заттың
кодын кӛрсетумен қатар әрбір тапсырыста сол заттың аты мен бағасын кӛрсету) әкеп
соқтырады. Бұл бір заттың бағасы ӛзгерсе кестедегі сол зат туралы барлық жазбалардағы
бағаны жӛндеу қиындығын тудырады.
4-анықтама. Егер Е қатысының кілті емес В атрибуты А атрибуттар тобына, яғни
құрама кілттегі барлық атрибуттарға функционалды тәуелді болса және ешбір жартылай
тәуелділік болмаса, В атрибуты А атрибуттар тобына толық функционалды тәуелді деп
аталады.