Page 14 - электрондык_окулык
P. 14

5 - Дәріс
                         Қатынастардағы операциялар. Реляциялық алгебра мен реляциялық есептеу.
                                      Реляциялық алгебраның арнайы операциялары.
                        Жоспар:
                        1.      Қатынастардағы операциялар
                        2.      Реляциялық алгебра мен реляциялық есептеу
                        3.      Реляциялық алгебраның арнайы операциялары

                        Кӛп жағдайда бір кесте (қатыс) жеке бір файлда сақталады. Жалпы ДБ алға қойылған
                  мақсатқа  сәйкес  анықталған  бір  немесе  ӛзара  байланыстағы  бірнеше  кестелердің
                  жиынынан  тұрады,  мысалы,  MS  Access  ДББЖ  -  де  ДБ  файлында  кестелермен  қатар
                  сұрыптамалар, қорытындылар, үлгілер, макростар және модульдер сияқты басқа да ДБ  -
                  ның барлық  объектілері бірге сақталады.
                        Реляциялық  ДББЖ  -  де  кестелердің  байланысын  кӛрсету  үшін  оларды    өзара
                  байланыстыру  амалын  қолданады,  бұл  ДБ  -  на  енгізілген  мәліметтердің  толықтығын,
                  үйлесімділігін,  ДБ  -  ның  біртұтастығын  қадағалауға  және  мәліметтер  базасын  ӛңдеу
                  барысында қажетті мәліметтерді тез табуға,  жылдам оқуға, кӛруге, ӛзгертуге, теріп алуға
                  және қорытынды құжаттарды оңай дайындауға мүмкіндік береді.
                        Жоғарыда  айтылғандай  ДБ-ның  екі  кестесінің  арасында  бір  -  біріне  тәуелділік
                  қатысы болуы мүмкін; ӛзара байланыстағы екі кестенің біреуі master  - басыңқы (негізгі,
                  аналық),  екіншісі    detail  -  бағыныңқы  (қосымша,    туынды)  кесте  болып  табылады.
                  Реляциялық ДБ-нда қатыстардың байланысының негізгі үш түрі кездеседі (2-кесте):
                        -  «бірге-бір» (1:1)  - one - to - one relationship;
                        -  «бірге-кӛп» (1:М) - one - to - many relationship немесе «кӛпке - бір» (М:1);
                        -  «кӛпке-кӛп» (М:М немесе  M:N)  - many - to - many relationship.
                        Егер Customer кестесіндегі  әрбір клиенттің ешқандай немесе тек қана бір тапсырыс
                  жасау  мүмкіндігі  болса,  онда  Customer  және  Order  кестелері  «бірге-бір»    қатысымен
                  байланыста болады. Ал егер әрбір клиент нӛл, бір немесе бірнеше (кӛп) тапсырыс жасай
                  алатын болса, онда бұл кестелер  «бірге - кӛп» немесе master - detail қатыста, Customer  -
                  master кесте, Order - detail кесте (2 - сурет).
                        «Бірге-бір»  байланысы  (1:1)  екі  кестенің  де  байланыстырушы  жиектері  олардың
                  кілті болған жағдайда орын алады,  сондықтан бұл кестелердің ӛзара дәрежелері бірдей.
                  Бұл  байланыс  ДБ-нда  сирек  қолданылады,  себебі  ЭЕМ  жадын  тиімді  пайдалану  және
                  кестелердегі мәліметтерді оқуды жылдамдату мақсатында мұндай кестелерді           бір кестеге
                  біріктіруге болады.

                         Кестеледің байланыстарының сипаттамасы
                                                                                                     2-кесте

                         Байланыс түрі            1:1         1:М              М:1                 М:М
                         Негізгі               кестені        кест        кестенің              кестенің
                   кестенің байланыс      ң кілті       енің кілті   кілті емес           кілті емес
                   жиегі
                         Қосымша               кестені        кест        кестенің              кестенің
                   кестенің байланыс      ң кілті       енің  кілті  кілті                кілті емес
                   жиегі                                емес

                        Мәліметтер базасын ӛңдеуді тездету, әртүрлі деңгейдегі қолданушылардың тек ӛзіне
                  қажетті мәліметтермен  ғана жұмыс істеуі арқылы олардың  жұмысын жеңілдету,
                  жылдамдату мақсатында  кейде бір кестедегі мәліметтерді  әдейі екі немесе одан да кӛп
                  бірнеше кестелерге жіктеуге болады, мысалы, бір  мекеменің жүргізіп жатқан ғылыми-
                  зерттеу жұмыстары туралы мәліметтер базасын құру керек болсын: ғылыми жұмыстың
   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19