Page 10 - электрондык_окулык
P. 10
Ал DML тілі МБ-ғы ақпараттармен негізгі басқару амалдарды орындауға мүмкіндік
береді. Олар:
- МБ жаңа жазбаларды қосу;
- МБ-ғы мәліметтерге ӛзгерістер енгізу;
- МБ-ғы мәліметтерді пайдалану;
- МБ-ғы мәліметтерді жою.
Бірнеше әртүрлі арнайыландырылған мәліметтер қоры тілдері тек бұрынғы ДББЖ
ғана қолданылған. Қазіргі заманғы ДББЖ әдетте мәліметтер қорын құрудан бастап,
мәліметтер қорымен базалық қолданушы интерфейсін қамтамасыз етуге дейінгі
мәліметтер қорымен жұмыс істеуге қажетті барлық интегрирленген біртұтас тіл
қолданылады. Қазіргі уақытта ӛте кең тараған реляциялық МҚБЖ стандартты тілі SQL
(Structured Query Language) тілі болып табылады. Сондықтан жоғарыда аталған
мәліметтер қоры тілдері қазіргі уақытта факт түрде бірыңғай стандартты SQL тілінің
қосымшалары болып табылады.
SQL тілі реляциялық мәліметтер қорын анықтауға және оны басқаруға мүмкіндік
береді. Мұндай жағдайда мәліметтер қорының объектілерін атау тілдік деңгейде қолдауға
ие болады. Бұл SQL тілінің компиляторы объектілер атын арнайы қолданатын қызметтік
кесте-каталог негізінде ӛзінің ішкі идентификаторына түрлендіреді.
Пысықтау сұрақтары
1. Мәліметтер базасын басқару жүйесi (ДББЖ)
2. мәліметтер базасын құру және ӛңдеу құралы
3. Мәліметтерді ұсыну денгейлері: сыртқы, концептуалды, ішкі
4. МБ-да колданатын тілдер
Қолданылған әдебиеттер
1.Абдуллина В.З. Системы без данных. Учебник.- Алматы: КазНТУ,2009.
2.Балғабаева Л.Ш.Мәліметтер және білім базасы.- Алматы.ҚазҰТУ,2002.