Page 6 - электрондык_окулык
P. 6
2 - Дәріс
Мәліметтер базасы және МББЖ. Ақпарат және мәлiметтер. Мәліметтер базасы
пәндік облыстың ақпараттық модель ретінде кӛрсетiлуi. Мәліметтер банкі.
Мәліметтер сӛздігі.
Жоспар:
1. Мәліметтер базасы және МББЖ.
2. Ақпарат және мәлiметтер.
3. Мәліметтер базасы пәндік облыстың ақпараттық модель ретінде
4. Мәліметтер банкі. Мәліметтер сӛздігі.
Ақпарат - зат энергия және ақпараттың ӛзін түрлендірумен байланысты процесстерді
жақсартуға мүмкіндік беретін жаңа мәліметтер. Ақпарат хабарлау процессінен
бӛлінбейді. Сондықтан да ақпаратқа анықтама беру кезінде ақпарат кӛзі және ақпаратты
пайдаланушы түсініктерін қамтуымыз қажет.
Ақпарат - пайдаланушы арқылы қабылданған түсінікті және пайдалы деп бағаланған
жаңа мәліметтер. Ақпарат пайдаланушының білім қорын кеңейте түседі. Ақпараттың бар
болуының 3 фазасы ерекшеленеді.
- ассимиляцияланған ақпарат - хабарды адам санасына жеткізу
- құжатталған ақпарат қандайда бір физикалық тасмалдаушыдан белгілі формада
тіркелген мәлімет.
- берілуші ақпарат - ақпарат кӛзінен қабылдаушыға берілетін мәлімет.
Мәліметтер базасы - қандай да бір әрекет орындауға байланыстын жүйеленген
мәліметтредің жиынтығы. Сақталатын барлық ақпарат жазба немесе сақталатын барлық
ақпарат жазба немесе объект түрінне алынады. Мәліметтермен жұмысты ұйымдастыру
үшін қажетті ақпаратты алуға, ӛзгерістер енгізуге т.б. әрекеттерді орындауға мүмкіндік
беретін программалық жабдық қажет. Осы мәселені шешу үшін мәліметтре қорын басқару
жүйесі қолданылады.
МББЖ - мәліметтер базасын енгізуді, құруды қамтамасыз ететін тілдік
программалық құралдар жиынтығы. МББЖ - сі 2 топқа бӛлінеді:
1. локальді
2. желілік.
Локальді дегеніміз - 1 компьютерд жұмыс істейтін мәліметтер базасын басқару
жүйесі. Қазіргі ақпараттық технологиялар дамыған дәуірде мәліметтер қорынн ӛңдеу
құралдары кӛп: реаляциялық мәліметтер қорын басқару жүйе Visual Foxpro, Delphi, Oracle
және тағы басқа.
Желілік - бірнеше компьютерге клиент сервер технологиясы арқылы бір қорды
пайдалануға мүмкіндік беретін мәліметтер базасын басқару жүйесі (InterBasa, SQL Server).
Дүние жүзінде мәліметтер базасын баскару жүйелерінің түрлері ӛте кӛп. Олардың
әрбіреуінің түрлі объектілермен жүмыс істеу ерекшеліктеріне, қолданушыға ұсынатын
қызмет түрінің ӛзгешелігіне қарамастан, оларда ортақ ұғымдар кешені калыптасқан.
Сондықтан бізге бір ғана мәліметтер базасын басқару жуйесін қарастырсақ жеткілікті.
Солардың ішінен Microsoft Office программасының күрамына енетін Microsoft Access
2000 мәліметтер базасын басқару жүйесін таңдап алдық..
Мәліметтердің реляциялық моделі уақытқа тәуелді ӛзгерісте болатын тақырыпты
ӛрнектейтін қатыстардың (relatіon) жиыны болып табылады. Тақырып деп
автоматтандыруды қажет ететін мәселелер жиынын, алға қойылған мақсатты айтамыз.
Ӛзара байланыстағы қатыстар АЖ дайындау барысында белгіленген мәселелерді шешуге
қатысты барлық мәліметтерді сақтауға және оларды ӛзара байланыстыруға мүмкіндік
береді.
МБ-н пайдаланудың негізін салған белгілі математик Е.Ф. Кодд (Dr. E.F. Codd) ӛзара
байланыстағы қатыстар арқылы нақты құбылысты, ақпараттар ағымын ӛрнектеуге мүмкін
екенін ашып кӛрсетті, ең алғаш рет бұл моделдің тұжырымдамасы 1970 жылы «A Relatіon