Page 11 - электрондык_окулык
P. 11

4 - Дәріс
                         Мәліметтер моделі. Мәліметтердiң құрылымы және оларға қолданатын негізгі
                         операциялар. Мәліметтер моделiн таңдау. Реляциялық моделдер: негізгі
                                                 анықтамалар мен ұғымдары.
                        Жоспар:
                        1.      Мәліметтер моделі.
                        2.      Мәліметтердiң құрылымы және оларға қолданатын негізгі операциялар.
                        3.      Мәліметтер моделiн таңдау.
                        4.      Реляциялық моделдер

                        Мәліметтер базасын пайдаланудың негізін салған белгілі математик Е.Ф. Кодд (Dr.
                  E.F. Codd) ӛзара байланыстағы қатыстар арқылы нақты құбылысты, ақпараттар  ағымын
                  ӛрнектеуге  мүмкін  екенін  ашып  кӛрсетті,  ең  алғаш  рет  бұл  моделдің  тұжырымдамасы
                  1970 жылы «A Relation Model of Data for Large Shared Data Banks»  CACM, 1970, 13№6
                  мақаласында жарияланды.
                        Реляциялық  мәліметтер  моделінің  физикалық  кӛрінісі  екі  ӛлшемді  кесте  болып
                  табылатын қатыс деп аталатын математикалық ұғымға негізделген.
                        Мәліметтердің  реляциялық  моделінің  элементтері  мен  оларға  сәйкес  ұғымдар
                  тӛмендегі кестеде кӛрсетілген.
                        Реляциялық модельдің негізгі элементтері:


                         Қатынас (relation)         Кесте
                         Қатынастың                 Кестенің бағаналарының атауларының жиыны
                   схемасы
                         Кортеж                     Кестенің қатарлары
                         Сипаттама(сущно            Объекттің қасиеттерін анықтау
                   сть)
                         Атрибут                    Кестенің бағаналарының атауы
                         Домен                      Атрибуттардың (жиектің) мүмкін мәндерінің жиыны
                         Атрибуттың мәні            Жиектің (бағананың) жазбадағы сәйкес мәні
                         Кілт (негізгі кілт)        Бір немесе бірнеше атрибуттар
                         Мәліметтер типі            Кестедегі мәліметтердің мәндерінің түрі

                        Реляциялық модельдің негізгі элементтерін тӛмендегі кестеден кӛрейік.

                        Студент қатысы
                         Аты-             Маманд           Туған      Туған күн атрибу-
                   жӛні             ығы              күні             тының мәндері
                         Ким              Информ           19.06.
                   Владимир         атика            82
                         Алиев            ИС               21.05.
                   Марат                             83
                         Ким              КСУ              03.05.           Кортеж (жазба)
                   Ирина                             84

                        МБ-н  құрайтын  кестенің  әрбір  жазбасын  даралау  үшін,  яғни  кестеде  бірдей
                  жазбалардың болмауын қадағалау үшін кестенің кілтін анықтау керек болады. Бұл кілтті -
                  негізгі (Primary Key –PK) кілт дейді. Кілт бір немесе бірнеше атрибуттардан тұрады. Кесте
                  кілтінің  мәні  қайталанбайтын  ерекше  болуы  шарт,  яғни  кестеде  кілт  бағанасындағы
                  мәндер бойынша қажетті жазбаны тауып алатындай болуы қажет.
   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16