Page 7 - электрондык_окулык
P. 7
Model of Data for Large Shared Data Banks» CACM, 1970, 13№6 мақаласында
жарияланды. Реляциялық мәліметтер моделі физикалық кӛрінісі екі ӛлшемді кесте болып
табылатын қатыс деп аталатын математикалық ұғымға негізделген.
МБ-н құрайтын кестенің әрбір жазбасын даралау үшін, яғни кестеде бірдей
жазбалардың (жолдардың) болмауын қадағалау үшін кестенің бір немесе бірнеше
атрибуттарынан кестенің кілтін немесе негізгі кілтін (Prіmary Key – PK) анықтауға
болады.
Кесте кілтінің мәні бірде-бір рет қайталанбайтын ерекше болуы шарт, яғни кестеде
кілт бағанасындағы (бағаналарындағы) мәндері ӛзара бірдей екі немесе одан да кӛп
жазбалар болуы мүмкін емес. Бірнеше атрибуттан құралған жағдайда құрама кілт
(composіte prіmary key) барынша аз атрибуттардан ықшам анықталғаны дұрыс; мұндай
кілттің құрамында оны ӛшіріп тастаған жағдайда ештеңе ӛзгермейтін, яғни жазбалардың
ерекшелігіне ешқандай әсер тигізбейтін атрибуттар болмағаны жӛн.
Мысалы, Student (FІO, Specіal, Data_rd) кестесінде кілт ретінде FІO немесе Specіal
немесе Data_rd жеке жиектерін қолдануға болмайтыны түсінікті:
- FІO жиегінің кілт болмайтын себебі - кестеде аты-жӛндері бірдей студенттер болуы
мүмкін;
- Specіal жиегінің кілт болмау себебі - бір мамандықта бірнеше студенттердің дәріс
алатыны;
- Datard жиегінің кілт болмайтын себебі - туған күндері бірдей студенттер болуы
мүмкін.
Бұл кестенің кілті ретінде FІO, Specіal және Datard жиектерінің жиынын да алуға
болмайтыны анық: жоғарғы оқу орнында бір мамандық бойынша бір күнде туылған аты -
жӛндері бірдей бірнеше білімгерлердің кездеспейтініне кім кепіл? Мұндай жағдайда
кестеге әрбір жазбадағы мәні ерекше болатын арнайы жиек енгізген дұрыс; мысалы
натурал сандарды қабылдайтын білімгерлердің коды - Kod stud атрибуты: Student(Kod
stud, FІO, Specіal, Data rd) (кілт-жиектің асты сызылған). Әдетте мұндай жиектің мәні
қолданбалы программада программалық жолмен немесе мәліметтер базасында
автоматтандыру арқылы беріледі.
Кесте кілтінің атқаратын қызметі:
1. Жазбалардың қайталануын болдырмау
2. Кортеждерді кілт жиектің (жиектердің) мәндерінің ӛсу немесе кему ретімен
реттеу
3. Кестедегі жазбаларды оқуды тездету
4. Кестелерді ӛзара байланыстыру.
Реляциялық моделде кестелердің байланысы сыртқы кілттер (Foreіgn Key - FK)
арқылы ұйымдастырылады. Сыртқы кілт - мәндері басқа бір кестенің жазбалары арқылы
кӛрсетілген, яғни басқа бір кестенің негізгі кілтінің мәндерінен тұратын атрибут.
Пысықтау сұрақтары
1. Мәліметтер базасы және МББЖ
2. Ақпарат және мәлiметтер
3. Мәліметтер базасы пәндік облыстың ақпараттық модель ретінде
4. Мәліметтер банкі
5. Мәліметтер сӛздігі
Қолданылған әдебиеттер
1. Абдуллина В.З. Системы без данных. Учебник.- Алматы: КазНТУ,2009.
2. Балғабаева Л.Ш.Мәліметтер және білім базасы.- Алматы.ҚазҰТУ,2002.