Page 12 - электрондык_окулык
P. 12
Кесте кілтінің мәні бірде-бір рет қайталанбайтын ерекше болуы шарт, яғни кестеде
кілт бағанасындағы (бағаналарындағы) мәндері ӛзара бірдей екі немесе одан да кӛп
жазбалар болуы мүмкін емес. Бірнеше атрибуттан құралған жағдайда құрама кілт
(composite primary key) барынша аз атрибуттардан ықшам анықталғаны дұрыс; мұндай
кілттің құрамында оны ӛшіріп тастаған жағдайда ештеңе ӛзгермейтін, яғни жазбалардың
ерекшелігіне ешқандай әсер тигізбейтін атрибуттар болмағаны жӛн.
Мысалы, жоғарыдағы Студент (Аты-жӛні , Мамандығы, Туған жылы) кестесінде
негізгі кілт ретінде, Аты - жӛні немесе Мамандығы, немесе Туған жылы жеке жиектерін
қолдануға болмайтындығы түсінікті шығар? Себебі:
- Аты-жӛні жиегінің мәндері қайталануы мүмкін, мысалы1- ші және 3 - ші
жолдар;
- Мамандығы жиегінің кілт бола алмауы бір мамандықта бірнеше студенттердің
болуы;
- Туған жылы жиегінің мәндері де қайталануы мүмкін, себебі түсігікті.
Мұндай жағдайда кестеге әрбір жазбадағы мәні ерекше болатын арнайы жиек
енгізген дұрыс; мысалы натурал сандарды қабылдайтын білімгерлердің коды – Студ_коды
атрибуты: Әдетте мұндай жиектің мәні қолданбалы программада программалық жолмен
немесе мәліметтер базасында автоматтандыру арқылы беріледі. Мұндай жағдайда кестеге
қосымша баған енгізіледі. Бұл бағананың мәндері әрбір жазбада қайталанбайтын болуы
керек, сондықтан жаңа атрибутты Код студента- деп алайық. Бұл атрибуттың мәндері 1-
ден басталып, қайталанбай ӛзгеріп отырады.
Сонымен, кесте кілтінің атқаратын қызметі:
1. Жазбалардың қайталануын болдырмау
2. Кортеждерді кілт жиектің (жиектердің) мәндерінің ӛсу немесе кему ретімен
реттеу
3. Кестедегі жазбаларды оқуды тездету
4. Кестелерді ӛзара байланыстыру.
Негізгі кілт ретінде бірнеше атрибутты бірақ қарастыруға да болады, бірақ негізгі
кілтте атрибуттар саны мүмкінше аз болғаны дұрыс.
Сыртқы кілт (foreign key - FK) түсінігі кестелердің бір - бірімен байланысын
кӛрсеткен кезде пайда болатын түсінік. Реляциялық моделде кестелердің байланысы
сыртқы кілттер (Foreign Key - FK) арқылы ұйымдастырылады. Сыртқы кілт – мәндері
басқа бір кестенің жазбалары арқылы кӛрсетілген, яғни басқа бір кестенің негізгі кілтінің
мәндерінен тұратын атрибут.
Мысалы Студент және Емтихан ведомосты кестелерін байланыстырған кезде
Студ_коды(FК) сыртқы кілт пайда болды (4 - сурет).
Студент Емтихан ведомосты Пәндер
Студ_к Вед Пән
оды(РК) коды (РК) аты
Аты- Студ_ко Саға
жӛні ды(FК) т саны
Маманд Пән аты
ығы (FK)
Туған Тобы
жылы
Емтиха
н бағасы
Сыртқы кілті анықталған қатыс (кесте) оған сәйкес атрибуты (жиегі) негізгі кілті
болып табылатын екінші бір қатысқа (кестеге) сілтеме жасайды (сүйенеді) деп айтады,