Page 8 - электрондык_окулык
P. 8
3 - Дәріс
Мәліметтер базасын басқару жүйесi (ДББЖ) мәліметтер базасын құру және
ӛңдеу құралы. Мәліметтерді ұсыну денгейлері: сыртқы, концептуалды, ішкі ДБ-да
колданатын тілдер: мәліметтерді сиптаттау тiлi, мәліметтердi қимылдату тiлi және
сұраныстар тілі.
Жоспар:
1. ДББЖ мәліметтер базасын құру және ӛңдеу құралы.
2. Мәліметтерді ұсыну денгейлері
3. ДБ-да колданатын тілдер
Мәліметтер базасы деп белгілі бір тәртіптер бойынша бір құрылымға келтіріліп
ұйымдастырылған мәліметтер (мәліметтер, ақпараттар) жиынын түсінеміз. Мұнда
мәліметтердің қайталануы, бір-бірімен қайшылығы болмауы және ӛзара үйлесімділігі
қатаң ескерілуі керек. Бұл шарттар ескерілмеген мәліметтер базасын ӛңдеу
программасында (қолданушының программасында) кӛптеген кемшіліктер болып, қате
нәтижелер беретіні айқын.
Алғашқы кезеңді кӛп жағдайда мәліметтер базасын жобалау (МБЖ) деп айтады,
мұнда мәліметтер базасын құрайтын барлық кестелерді және олардың ӛзара байланысын
анықтау, әрбір кесте бойынша қажетті индекстерді анықтау, кестелерде категориялық
бүтіндік пен сілтеме үйлесімділік шарттарын анықтау, автоматтандырылатын
тақырыптағы бизнес-амалдарға қатысты мәліметтер базасында сақталатын триггерлер мен
процедураларды (кӛмекші программалар) жобалау кӛзделеді. Толық мағынасында МБЖ
ұғымы таңдалған тақырыпқа қатысты белгіленген барлық мәселелерді шешуге мүмкіндік
беретін мәліметтер базасын пайдаланып жазылған АЖ дайындауды білдіреді.
Алдымен мәліметтер моделін дайындау ұғымына тоқталайық, бұл - тақырыпта
қарастырылатын барлық бизнес-мәселелерге қатысы бар мәліметтерді жинақтау, жүйелеу
әдісі болып табылады. Мәліметтердің моделін дайындау ӛңделетін ақпарат ағымын
талдаудың бірден-бір мықты құралы және реляциялық мәліметтер базасын құрудың негізі
болып саналады.Кез келген мәліметтер жиынын МБ деп айтуға болмайды, ӛйткені МБ деп
белгілі бір тәртіптер бойынша бір құрылымға келтіріліп, ұйымдастырылған мәліметтер
жиыңын түсінеміз. Мұнда мәліметтердің қайталануы, бір - бірімен қайшылығы болмауы
және ӛзара үйлесімділігі қатаң ескерілуі керек. Бұл шарттар ескерілмеген жағдайда МБ -
ғы мәліметтермен жұмыс атқару қате нәтижелер беретін болады.
МБ - да сақталатын мәліметтер белгілі бір құрылымға келтіріліп сақталынады, яғни
сақталынатын мәліметтердің модельдері болады. Қазіргі таңда ДБ-ын жобалауда ANCI -
SPARC (American National Institute - Standards Planning And Requirements Committtee)
архитектурасы кеңінен қолданылады. ДБ-да бұл архитектура бойынша 3 деңгейлі
абстракция қолданылады:
- сыртқы деңгей (мәліметтерді пайдаланушылардың бейнелеуі);
- концептуалдық деңгей (мәліметтердің логикалық құрылымы);
- ішкі деңгей (мәліметтердің физикалық бейнеленуі).
1-ші 2-ші N--ші
Сыртқы сыртқы сыртқы сыртқы
деңгей модель модель модель
Концептуалдық деңгей
Концептуалдық
деңгей
Мәліметт
ер базасы