Page 4 - электрондык_окулык
P. 4
ДӘРІСТЕР ЖИЫНЫ (ҚАРАСТЫРЫЛАТЫН СҰРАҚТАР, ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ,
ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛ, ҰСЫНЫЛАТЫН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ)
1 - Дәріс
Пәннің мақсаты мен есептері. Жаңа ақпараттық технологиялар. Мәліметтер
банкiн қолданатын жүйелер. Мәліметтердi ӛңдеу және басқару жүйесiнің даму
тарихы.
Жоспар:
1. Пәннің мақсаты мен есептері.
2. Жаңа ақпараттық технологиялар.
3. Мәліметтер банкiн қолданатын жүйелер.
4. Мәліметтердi ӛңдеу және басқару жүйесiнің даму тарихы.
Қазіргі таңда техниканың дамуына байланысты кӛптеген программалар дамып,
ӛзінің қолданылу орнын кеңейте түсуде. Кӛптеген кәсіпорындардың, мекемелердің, жеке
бизнестің ашылуы бізге мәліметтер базасын қолдану аясын жоғарылатып, мәліметтер
қорына деген сұранысты күннен-күнге кӛбейте түсуде. Сол себептен барлық деңгейдегі
жеке бизнестердің қызметінде тек қана мәліметтерді жинақтауға ғана кӛңіл бӛлінбейді,
сонымен қатар сыртқы органдар мен жеке тұлғаларға қажеттілігі бойынша түрлі
мәліметтер беру.
Практикалық мәселелерді шешуде мұндағы ақпараттар ағымын ӛңдеуді жеңілдету
және тездету үшін автоматтандырылған ақпараттық жүйелер (ААЖ) қолданылады.
Ақпарат кӛптеген белгілер арқылы беріледі және ӛңделеді. Белгі дегеніміз -
ақпаратты жіберушімен қабылдаушының арасындағы келісім. Белгілер жиыны - белгілер
жүйесі деп аталады. Кӛптеген белгілік жүйені шектеуге болмайды. Бірақ электронды
есептеу машинасымен ӛңдеу кезінде нақты белгілер тізімі болуы қажетті «Мәліметтер
базасы» (ДБ) ұғымының пайда болуы (1962ж.) программалық жабдықтау саласында ең
құнды жетістіктердің бірі болып табылды. Мәліметтер базасын ұйымдастыру және
пайдалану программалау технологиясын байытып, программалау ӛнеріне деген
қызығушылықтың артуына әсерін тигізді. Мәліметтер базасынсыз қазіргі барлық дерлік
қаржылық, ӛнеркәсіптік, халыққа қызмет кӛрсететін ұйымдардың жұмысын ұйымдастыру,
басқару мүмкін емес десе де болады. Сондықтан әрбір ұйымның, мекеменің жұмысын
компьютер кӛмегімен басқару үшін мәліметтер базасын пайдаланатын қолданбалы
программалар – автоматтандырылған ақпараттық жүйелер жазылады.
Мәліметтер базасы деп белгілі бір тәртіптер бойынша бір құрылымға келтіріліп
ұйымдастырылған мәліметтер (мәліметтер, ақпараттар) жиынын түсінеміз. Мұнда
мәліметтердің қайталануы, бір-бірімен қайшылығы болмауы және ӛзара үйлесімділігі
қатаң ескерілуі керек. Бұл шарттар ескерілмеген мәліметтер базасын ӛңдеу
программасында (қолданушының программасында) кӛптеген кемшіліктер болып, қате
нәтижелер беретіні айқын.
АЖ дайындау негізгі екі кезеңнен тұрады:
- автоматтандыруды қажет ететін, яғни қолданбалы программада шешімін табатын
барлық мәселелерге қажетті және қатысты мәліметтер жиынынан мәліметтер базасын
анықтау;
- мәліметтер базасын басқару, яғни ақпараттық жүйені (АЖ) жазу. Бұл кезең әдетте
мәліметтер базасымен байланыста болып МҚ ӛңдейтін клиент-программа дайындау кезеңі
болып табылады.
Алғашқы кезеңді кӛп жағдайда мәліметтер базасын жобалау (ДБЖ) деп айтады,
мұнда мәліметтер базасын құрайтын барлық кестелерді және олардың ӛзара байланысын
анықтау, әрбір кесте бойынша қажетті индекстерді анықтау, кестелерде категориялық
бүтіндік пен сілтеме үйлесімділік шарттарын анықтау, автоматтандырылатын