Page 20 - электрондык_окулык
P. 20
OrderInfo
OrderID (PK)
ProductID (PK)
ProductName
UnitPrice
CustomerID
Company
City
Country
OrderDate
Quantity
11 - сурет. OrderInfo кестесіндегі тәуелділіктерді бейнелеу
Атрибуттар, яғни кесте жиектерінің арасында көпмәнді тәуелділік орын алуы
мүмкін.
6-анықтама. Егер Е қатысының А атрибутының әрбір мәніне В атрибутының бұл
қатыстың басқа атрибуттарымен байланысы жоқ бірнеше мәні сәйкес келетін болса, онда
В атрибуты А атрибутына көпмәнді тәуелді (А В).
Кӛпмәнді тәуелділік қатыста кемінде үш атрибут (кілт және кемінде екі ӛзара
тәуелсіз атрибуттар) болған жағдайда туындайды.
Кӛпмәнді тәуелділіктер «бірге-кӛп» (1:М), «кӛпке-бірге» (М:1) немесе «кӛпке-кӛп»
(М:М) болуы мүмкін, олар сәйкес АВ, ВА және АВ арқылы белгіленеді.
6-суреттегі Gz_pred_prep кестесінде (Информатика негіздері, №4, 2004) Prep Pred
орын алады, себебі бір оқытушы әртүрлі бірнеше пәннен сабақ беруі және сол пәндерді
басқа да оқытушылар беруі мүмкін, мысалы Ахметов Ж.Ү. «Мәліметтер базасы» және
«Информатика» пәндерінен сабақ берсе, «Информатика» пәнін Ахметов Ж.Ү. сияқты
Балабекова М.Н. де беретіні кӛрсетілген.
7-анықтама. Екі және одан да кӛп атрибуттар өзара тәуелсіз деп аталады, егер
олардың ешқайсысы қалған атрибуттардан функционалды тәуелді болмаса.
А және В атрибуттары үшін А атрибутының В атрибутынан тәуелсіздігі А В
арқылы белгіленеді А В және В А жағдайларын А = В арқылы белгілеуге
болады.
Пысықтау сұрақтары
1. Функционалдық тәуелділік: негізгі анықтамалар мен ұғымдары.
2. Қалыпты үлгілер мысалдары
Қолданылған әдебиеттер
1. Абдуллина В.З. Системы без данных. Учебник.- Алматы: КазНТУ,2009.
2. Балғабаева Л.Ш.Мәліметтер және білім базасы.- Алматы.ҚазҰТУ,2002.

