Page 59 - электрондык_окулык
P. 59
[оқытушы фамилиясын енгіз];
- Сұратуды орындаңыз: саймандар панеліндегі мына батырманы басып
немесе Запрос – Запуск командасын орындау арқылы;
Ескерту. Осы айтылған тәсілмен жасалынған сұрату конструктор режимінде бір рет
қана орындалады.
Жасалынған сұратуды басқа режимде орындату үшін:
- Запросы бӛлімін ашып, керекті сұратуды белгілеп, <Открыть> батырмасын
басыңыз.
- Ашылған терезеде Гришин деген фамилияны теріп <ОК> батырмасын
басыңыз. Нәтижесінде экранда Гришин деген оқытушы туралы (оның аты,
әкесінің аты, оқитын пәні) мәліметтері бар кесте пайда болады.
- Сұратуды сақтап, сұрату терезесін жабыңыз.
3. Конструктор кӛмегімен сұрату жасау. Фамилиясы, аты, әкесінің аты, топ номері,
пән және пәндер бойынша бағалары кӛрсетілетін сұратуды Конструктор арқылы
жасаңыз. Ол үшін:
- Сұратуды жасау тізімінен Конструкторды таңдаңыз.
- Қажет кестелерді (Студенттер, Бағалар, Пәндер) бір-бірден белгілеп,
Добавить батырмасын басу арқылы таңдаңыз.
- Таңдап болған соң Закрыть батырмасын басыңыз.
- Студенттер, Бағалар кестесінен Фамилия, Аты, Әкесінің аты, топ номері
ӛрістерін, ал Пәндер кестесінен Бағалар, Пән аты ӛрістерін. таңдаңыз. Ол үшін
ӛрістің атын тышқан курсоры арқылы екі рет шертсеңіз болды немесе тышқан
курсорының кӛмегімен ӛрістің атын сұрату ұяшығына сүйреп алып барасыз.
- Бағалар ӛрісінің астындағы Условие отбора атты жолға 4 Or 5 деп жазыңыз.
Саймандар панелінен Леп бегісі ! батырмасын басыңыз.
- Сұратуды Успеваемость 1 деген атпен сақтаңыз.
4. Ӛз беттеріңізбен есептелетін ӛрісі бар сұрату (запрос с вычисляемым полем) жасап
кӛріңіз. Access-Справка менюінің қызметін пайдаланыңыз.
5. «Жалақы» (Зарплата) ӛрісін на 20 %. арттыру арқылы жасалынатын «Қосымша»
(Надбавка) есептелетін ӛрісті ӛз бетіңізбен жасаңыз.
6. Ӛз беттеріңізбен айқастырылған сұрату жасауды үйреніңіз. Ол үшін Access-Справка
менюінің қызметін пайдаланыңыз.
Ӛздік жұмыс үшін тапсырмалар:
1. «Музыкалық альбом» мәліметтер қорына типтері әртүрлі 3 сұрату жасаңыз.
2. «Емхана» мәліметтер қорына 3 түрлі сұрату жасаңыз.
3. «Сабақ кестесі» мәліметтер қорына 3 түрлі сұрату жасаңыз.
4. Задайте к базе данных «Компьютерлік салон» мәліметтер қорына 3 түрлі сұрату
жасаңыз.
5. «Конференция қатысушылары» мәліметтер қорына 3 түрлі сұрату жасаңыз.
Пысықтау сұрақтары:
1. Сұрату деген не?
2. Сұрату жасаудың қандай тәсілдері бар?
3. Сұратудың қандай типтері бар?
4. Есептелетін ӛріс (вычисляемые поля) қалай жасалады?
5. Шарты бар сұратуды жасағанда қандай операциялар қолданылады?