Page 57 - электрондык_окулык
P. 57
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №3
Тақырыбы: «Сұратуларды жасау»
Мақсаты: Microsoft Access мәліметтер базасын басқару жүйесінің объектілерінің
бірі сұратумен,оның түрлерімен және сұратуды құру жолдарымен таныстыру.
Негізгі ұғымдар:
Сұратулар. Сұрату – бұл мәліметтерді талдау, таңдау, іріктеу және ӛзгерту құралы.
Сұрату кӛмегімен бірнеше кестелердегі мәліметтерді кӛруге, талдауға және ӛзгертуге
болады. Сонымен қатар сұратуларды пішіндер мен есеп берулерге (отчеты) арналған
мәліметтер кӛзі ретінде қолданылады.
Сұратуларды жасаудың бірнеше тәсілі бар:
- Конструктор сұратудың кех келген типін ӛз ӛалауыңыз бойынша жасауға мүмкіндік
береді.
- Қарапайым сұрату Сұрату шебері (Мастер запросов) белгілі бір кестелердің
ӛрістерінен немесе басқа сұратулардан таңдама (выборка) жасауға мұмкіндік береді
- Айқастырылған сұрату (Перекрестные запросы) құрылымдағы мәліметтерді есептеу
және талдауды жеңілдететін түрде беру үшін қолданылады. Айқастырылған сұрату
статистикалық есептеулер жасап, оның нәтижелерін мәліметтердің екі жинағы (бірі
бағандардың, екіншісі жолдардың тақырыптарын анықтайды) бойынша құрылған
кесте түрінде топтайды.
- Қайталанатын жазбалар қарапайым кестедегі немесе сұратудағы қайталанатын
жазбаларды іздеуге сұрату жасайды. Ал Записи без подчиненных пунктін таңдағанда
бағыныңқы кестеде ешқандай жазба сәйкес келмейтін жазбаларды іздеуге сұрату
жасалынады. Мұндай сұрату кӛп кестелік мәліметтер базасында қолданылады.
Сұрату типтері:
Таңдама Бір немесе бірнеше кестедегі әртүрлі мәліметтерді біріктіру қажет
болған жағдайда әртүрлі кестелерден мәліметтерге таңдама жасау
(Выборка)
үшін қолданылады.
Жаңарту Бір сұратудың кӛмегімен бірден кӛп жазбаларға ӛзгерістер енгізу
үшін қолданылады.
(Обновление)
Қосу Бұрыннан бар кестеге басқа кестеден белгілі бір ӛлшемдіктер
(критерий) бойынша жазбаларды қосу (қосып жазу) үшін
(Добавление)
қолданылады.
Жою Қажетті жазбаларды бір мезетте іріктеп алып, жоюға мүмкіндік
береді. Мұндай сұратуды жасаудың қағидасы жаңарту сұратуына
(Удаление)
ұқсас, алайда, байланыстырылған кестелерден жазбаларды
жойғанда мәліметтердің тұтастығына (целостность) нұқсан келмеу
керек.
Айқастырылған Айқастырылған сұратулар —бұл мәліметтерге статистикалық
ӛңдеулер орындайтын, оның нәтижесі Excel –дің корытынды
(Перекрестный)
(сводная ) кестесіне ұқсас кесте түрінде болатын сұратулар.
Кесте жасау Сұратудың бұл типі арқылы бұрыннан бар кестеден керекті
мәліметтерді таңдамаға қарапайым сұрату жасап, іріктеуге
(Создание
мүмкіндік береді. Таңдама нәтижесі жаңа кестеге орналасады. Жаңа
таблицы) кестенің құрылымы сұрату нітижесінде алынған жазбалардың
құрылымымен анықталады.