Page 53 - электрондык_окулык
P. 53

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №2

                   Тақырыбы:   «Microsoft Access мәліметтер қорын басқару жүйесі. Формаларды жасау»

                         Мақсаты:  Пішін (форма) ұғымымен, Microsoft Access-те пішін жасау әдістерімен,
                  пішін кӛмегімен кестені мәліметтермен толтырумен танысу.

                         Негізгі ұғымдар:
                         Мәліметтер  базасын  жасаушы  (разработчик  БД)  кестелер  мен  сұратулардың
                  (запросы)     құрылымдарын       жасайды,     нақты     мәліметтерді     кестеге   енгізумен
                  шұғылданбайды. Мәліметтерді кестелерге арнайы мамандар енгізеді. Олардың жұмысын
                  жеңілдету  үшін    мәліметтер  базасын  жасаушы  арнайы  объектілерді  –  пішіндерді
                  (формаларды) дайындайды.

                         Пішін  мәліметтерді  енгізуге  арналған  ӛрістері  бар  электрондық  бланк  іспеттес.
                  Мәліметтерді енгізуші адам осы ӛрістерге мәліметтерді енгізгенде мәліметтер  автоматты
                  түрде мәліметтер базасының кестелеріне толтырылады.

                         Пішін  түрлі  мақсатта  қолданылатын  (кӛбінесе  кестеге  мәліметтерді  енгізу,
                  жазбаның біреуін кӛру үшін) экранның арнаулы  пішімі (формат)  болып табылады. Пішін
                  мәліметтерді  енгізуге,  түзетуге,  жаңадан  мәліметтер  қосуға  және  жазбаларды  жоюға
                  мүмкіндік береді.
                         Access-тің  басқа  да    объектілері  сияқты  пішіндерді  қолмен  (вручную)  немесе
                  автоматты  түрде    бірнеше  тәсілмен  жасауға  болады.  Автоматты  пішіндердің  ең
                  қарапайымы – автопішіндер (автоформалар).
                         Мәліметтер базасының кестелеріне мәліметтерді толтырудың 2 жолы бар: кесте
                  режимінде  немесе форма режимінде.
                         Пішінді жасаудың бірнеше жолы бар:
                      1)  Конструктор -  пішінді ӛз қалауыңызбен жасауға мүмкіндік береді.
                      2)  Пішін шебері (Мастер форм) - ӛзіңіз таңдаған ӛрістер негізінде пішінді автоматты
                         түрде жасауға мүмкіндік береді. Access  диалог  режимінде қолданушыдан қандай
                         пішін  керектігін  анықтап,  пішінді  автоматты  түрде  жасайды.    Егер  жасалынған
                         пішіндегі бірнәрселер ұнамаса,  конструктор  режимінде түзетуге болады.
                      3)  Автопішіндер  (Автоформы)  -  пішін  шеберінің  жеке  жағдайы  болып  табылады,
                         яғни  ол  қолданушының  қатысуынсыз  пішіннің  берілген  түрін    автоматты  түрде
                         жасайды.
                      4)  Диаграмма - диаграммасы бар   пішінді жасайды  жасайды.
                      Қорытынды кестесі (сводная таблица) - Excel-дің корытынды кестесі бар   форманы
                                                            жасайды.

                  Жаттығу жұмыстары:
                  1-жаттығу.  Кестеге мәліметтерді енгізу.

                  1. Пішін  шебері кӛмегімен Пәндер пішінін жасау.
                   а) Пәндер пішінін жасау үшін:
                        -  Мәліметтер  қоры  терезесінде  Формы  бӛлімін  таңдап,  Создать  батырмасын
                        басыңыз.
                        -  Ашылған  Новая  форма  атты    сұхбат  (диалогтық)  терезесінде    Мастер  форм
                        пунктін таңдаңыз.
                        - Терезенің тӛменгі жағындағы тізімдегі  тілше       батырмасын басып пайда болған
                        тізімнен Пәндер кестесін таңдап, ОК батырмасын басыңыз.
   48   49   50   51   52   53   54   55   56   57   58